Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.

Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.

Шымкент қаласында Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы А.И. Мырзахметовтың бастамасымен 2015 жылғы 14 наурыз – «Алас» күні аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Халқымызда ұлыстың ұлы күні қарсаңында көшені, ауланы сыпырып, арық-атыздарды тазалап, бұлақтың көзін ашу бұрыннан келе жатқан дәстүр.
Облыс тұрғындары осы игі дәстүрді жаңғыртып, айналамызды айнадай етіп тазартып, сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысты. 
Іс-шара аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Абай саябағында Ардагерлер аллеясы ашылды. Шараға қатысқан Ұлы Отан соғысы ардагерлері, облыс басшылығы, жастар көшеттер отырғызды.



Бөлісу: