The Spirit of Tengri 2015 фестивалі аяқталды

The Spirit of Tengri 2015 фестивалі аяқталды
жеке
блог

Өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы Республика Cарайының алдындағы алаңда дәстүрге айналған The Spirit of Tengri фестивалі өтті. Шет елдерден келген ұжымдардан бөлек шараға қазақстандық бес топ қатысты. Фестивальде TRAD.ATTACK!, Nordic Namgar, The Shin, Hanngai, Hold Viola, Baba Zula, "Арғымак", "Алдаспан", "Шарапат", "Арқайым", "Тиграхауд" ұжымдары мен Радик Тюлюш, Чылтыс, Еділ Құсайынов (Satzhan Project) секілді музыканттар өнер көрсетті. 

2 күн бойы өткен концерт халықтың көңілін көтеріп, шаттыққа бөледі. 

Фестивальдің қалай өткені туралы фоторепортаж бен видеоматериалдар жақында сайтымызда жарияланады. Massaget.kz-ке кіріп тұруды ұмытпаңыздар.