Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қыздың көз жасынан қалай қорықпайды екен?

Қыздың көз жасынан қалай қорықпайды екен?

Қыздың көз жасынан қалай қорықпайды екен?

Студенттік жылдарың бұзықтығымен де қызық емес пе? Ал жатақхананы жайлап алсаң, тіптен әр күніңнің қалай зымырағанын білмей қаласың. Наурызды алғаш рет Алматыда қарсы алдық, сатып алған «наурыз көжеміз» анамыздікіндей болмаса да, анамыздай адамның қолынан шыққан деп сүйсіне ішіп алдық. Айтайын дегенім тіпті де бұл емес. Көр созбай бастайын енді)...

         Кеше ғой, түскен шәкіртақымызды жиып‑теріп көктемді жаңа киіммен қарсы алайық деп құрбыммен атақты студенттердің «ата базары» Барахолканы тоздырып қайтқанбыз. Қалтамыздағы соңғы тиынымызды қағып-сілкіп алыстан қарасы көрінген 70‑ке көптен көрмеген туысымызды кезіктіргендей асыға міндік. Әйтеуір тұрсақ та, орнымызды таптық-ау деп серпіле бергенде, құрбымның шошынған даусынан селк ете қап, ол қараған тұсқа көңіл бөлсем, абыр-сабыр болған жұрт. Сөйтсем, Алматылық бір батырымыз халық мыңғырып жүрген Барахолканың қақ ортасынан көздеген құрбандық аруын көтеріп ала жүгірген екен. Ана қыздың қырсылығын-ай... Бәріміз автобуста екенімізді ұмытып, терезелерді ашып тастап мойнымыз қайрылғанша қарадық келіп... Бұл оқиғаның соңы немен тынғанын біле алмадық. Әншейінде кептелістен шыға алмайтын арбамыз сүйреп ала жөнелді. Бірақ сол бір сәттің өзі әр кеудеге қанша ой салды екен?... Расын айтсам, сол қыздың орнында не істер едім деген ойдан шошынып, қорқып кеттім. Соңын көрмегенім де оң болғандай. Жасыратын несі бар, ата-аналарымыз да отбасын осы жолмен құрды емес пе кезінде? Бірақ қазір заман да, адам да басқа. Осы жолмен шаңырақ көтерген қаншама жас отбасы келісе алмай тарасып жатқаны да өтірік емес. Бірақ қыз баласы мал емес шығар, хайуандықпен өңгеріп салар көлікке. Қалайша қыздың көз жасынан қорықпайды екен? Ұрлар кезінде сол жанмен бүкіл өмірін өткізетінін ойлай ма екен? Отбасы бір жалт етіп, елес берген өшпелі сезімнен құрала салмайды ғой. Солай емес пе?! Өз басым алғаш рет көз алдымда қыз алып қашу кезеңін бастан өткердім. Алған әсерім де, түйгенім де осы. Сіздер бәлкім қарсы боларсыздар. Бірақ мен «алып қашу» деген тағылық пен жабайылықтың үлгісін өткердім көз алдымнан.

1064 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 26 наурыз 2012, 18:14
Тегтер: Алып қашу
Пікірлер
+0
26 наурыз 2012, 18:23

мен көрдім қыз алып қашуды, куәсі болдым. 1емес 3 рет қой тағы :shock: Бірінші рет есімнен адасқан адамдай болғанмын, қасымдағы дос қызымды алып қашты, соның өзінде сондай күй (( негізі жаман екен ((( алдынан өтіп, өз разылығымен үйленгенге не жетсін............

+0
26 наурыз 2012, 18:25

"Алып қашудың көкесін Шымкент жақтан көресің" деп жүрген алматылықтардың құлағына алтыннан сырға таққандай болдың ғой ;)

+0
26 наурыз 2012, 18:33

Алтын ғана емес-ау, жауһардан десейші)). Сол көкесі көп Шымқаладан көрмеген сұмдықты осында көргенім қызық))

+0
26 наурыз 2012, 18:32

Мүмкін ол жай ренжісіп қалған соң қызын көтеріп алып кетіп бара жатқан шығар? анық емес қой шынымен алып қашып бара ма жоқ бірдемеге келіспей қалды ма?

+0
26 наурыз 2012, 18:34

Алып қашып барады деп артынан әйелдер айғайлап, ер кісілер қуды ғой. Бүкіл автобустағылар алып қашты десіп шулады

+0
26 наурыз 2012, 18:37

хахахаха, қызық болыпты :lol:

+0
26 наурыз 2012, 18:43

Енді қызық секілді, ол кезде қорыққан түрімізді көрсеңіз))

+0
26 наурыз 2012, 18:43

Тапа-тал түсте алып қашқаны несі? :shock:

+0
26 наурыз 2012, 18:45

алып қашу мезгіл таңдамайды ;)

+0
26 наурыз 2012, 18:53

алып қашу-бір сотка туралы айтылғандай :lol:

+0
26 наурыз 2012, 18:56

ia winimen mezgil tandamaidi)))

+0
26 наурыз 2012, 18:57

біреуге қызық, ал біреудің өмірі қыл үстінде. өзім ондай жағдайдың куәсі болмасам да, "алып қашу операциясы" фильмі қатты ұнады))))

+0
26 наурыз 2012, 19:00

ОЛ келісілген алып қашу ғой, олай алып қашар болса қанекей!)))

+0
26 наурыз 2012, 19:06

менің бір дос балам Алматыдан қыз алып қашып, 220 км алыстағы ауылға апарғамбыз. Апарғансоң ыдыс-аяқ, терезенің бәрін шағып, кетем кетем деп көнбей, қайтып әкепсағамбыз танертен Алматысына :mrgreen:

+0
26 наурыз 2012, 20:31

:mrgreen:

+0
26 наурыз 2012, 20:39

мен және бір топ құрбыларым топтасымыздың тойына Сарыағашқа барғанбыз, әрине барлығы алып қашпасын деп біраз қалжындады, бірақ іштей өзім осыны көргім келген, тойдың соңында далаға шықтық, бір айқай болды, енді жақындасақ, топтасымыздың жиенін үш жігіт мәшінге тыпқылап жатыр, соңында қызды алып қалды, енді танисын ба десек жоқ дейді жанағы, вот это сұмдық оқиға, ужас киноның керегі де жоқ :o

+0
26 наурыз 2012, 21:21

алып қашу оператциясын кқрсендерші бастарынды ауыртпай :D

+0
26 наурыз 2012, 22:33

Соңынан жарасып кетсе жақсы ғо, әйтпесе несі жақсы? Сондай тұрпайы әрі аянышты көрінеді ғой .....

+0
27 наурыз 2012, 09:01

Алып-қашудың түр-түрін ұялы телефондарда жүрген видеолардан көріп алғанмын. Тойда билеп жүрген жерінен я мамасымен қыдырып келе жатқан жерден алып кетеді. О заман да, бұ заман, келісіп алып қашса несі кетер еді?

+0
27 наурыз 2012, 20:15

Соны айтам да менде))

+0
27 наурыз 2012, 20:27

Қызық алып қашу еркектик ис емес.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев