"Домбыра софт" бағдарламасы

"Домбыра софт" бағдарламасы
жеке
блог

         Қазақ жерінде түңғыш рет домбыра үйренудің компьютерлік бағдарламасы жарық көрді. «Домбыра софт» деп аталатын бұл бағдарламаны Жақсылық Рзаханұлы қос ішекті аспапта ойнауды жеңілдету мақсатында жасаған.

Аталмыш бағдарлама берілген нота арқылы музыкалық шығарманы домбырада ойнауды үйренуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, әуесқой сазгерлер үшін шығарған музыкалық шығармасын домбырада ойнай отырып нотаға түсіруге мүмкіндік беретін таптырмас бағдарлама.

«Домбыра софт» бағдарламасын ашсаңыз, бірнеше күйдің тізімі шығады. Қалағаныңызды таңдап, өзіңізге ыңғайлы жыдамдықта үйрене аласыз. Және саусақтардың домбыра пернесінде орналасу тәртібі де көрсетілген.

«Домбыра софт» домбырада үйренудің компьютерлік бағдарламасын мына сілтеме арқылы жүктей аласыздар http://allsoft.ru/software/independent-vendors/4249690/dombyra-soft/