Танымал әнші, актер Дастан Оразбеков жариялаған кастинг Астанада жалғасуда...

Танымал әнші, актер  Дастан Оразбеков жариялаған кастинг Астанада жалғасуда...
жеке
блог

Іріктеуге әдемі даусы бар,сүйкімді келбеті бар,жасы 18 бен 23 аралығындағы,кез-келген ұлт өкілінің қыздары қатыса алады.

Жаңа жобаның барысымен танысып қайттық.


-Сәлеметсіз бе,Дастан!Жаңа жобаңыз алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс істемек?

-Біздің топ тек бір ғана бағытпен шектеліп қоймайды.Әр түрлі бағытта ән орындаймыз. Енді біздің қыз-балаларымыз бір ғана бағытта ән айтып үйреніп қалған ғой.Біз  поп,рок жанрында ән айтамыз.Әрбір бағытпен тыңдармандарымызды қуантқымыз келеді.

-Ұлттық нақышта ән саласыздар ма?

-Міндетті түрде.Әндеріміздің көбісі қазақ тілінде айтылады.Және де ағылшын,орыс тілдерінде де орындаймыз.

-Топ құрамында неше адам болады?

-Жоспар бойынша құрамда 4 қыз өнер көрсетеді.

-Кастингке келген қыздар қарасы қаншалықты көп?

-200-ден астам қыздар келді.Соның ішінен іріктеліп шыққан 4 аруымыз қазақ сахнасында өнер көрсететін болады.

-Қыздарымызға қоятын талаптарыңыз қандай?

-Мен ең алдымен вокалына қараймын.Дауысы әдемі болу керек.Сүйкімді келбеті бар,биге икемі бар,өнерді сүйетін жасы 18-23 аралығындағы қыздарды шақырамын!

-Топтағы қыздарға қанша жылға келісімшартқа отырасыздар?

-  Бастамасы 3 жылдан 5 жылға келісімшартқа отырамыз.

-Топтың атауын қойдыңыздар ма?

-Әлі қойғанымыз жоқ.Оған да байқау жарияладық.Әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда 500-ден астам ұсыныстар түсіп жатыр.Бірақ атауын қойған жоқпыз. Байқау жеңімпазына сыйлығымыз бар.

-Сұхбатыңызға рахмет!