Армандар орындалады

Амансыздарма? Шынымды айтсам имене жазып отырмын.Ал жазғандарымды қанша рет өшіргенім есімде жоқ.Мұнда түрлі тақырыпта шығарманың шыңына шығып , әдемі де әсерлі әңгіме жазатын жандар өте көп.Өзім куәмін.Мұнда жиі бас сұғам.Сондықтан қатты қысылыңқырап отырмын :) Дегенмен мені жатсынбаңыздаршы.. 

Армандар орындалған ба ? Бала кезден мен көөөп ия , өте көп армандап өстім.Тіпті тылсымға толы түнге жетіп , қиялыммен талай қырды шарлап кететін , армандар жүрегімді қытықтап , көз іле алмаған кездерім қаншама... Тәтті шақтар - ай!Көзімді ашсам  жоғалтып алардай көзімді тарс жұмып алып , жымиып жататынымды қайтерсіз?! :) Қазір неге олай емес екен? Міне , темір жәшікке телміріп түнім өтіп жатыр.Мүмкін бала кездегідей армандарға сәби көңілмен сенбей қалғанымнан , олардың орындала бермейтініне куә болып , көңілім суығаннан шығар.Ауылымның кең құшағы , маңдайымды  сүйген салқын самалы және жұлдызы жарқыраған алып аспан астында арманға шомылған мен.Менің сырға толы түндерім осылай өтуші еді.Қаланың қытымыр , тынымсыз тіршілігі секілді аспаны да тым көңілсіз.Жарқырап  үлкееен арман сыйлайтын жұлдыздары да жоқ.Мүмкін бар.. Тек мен көрмеймін. 

Алғашқы шығармама мен арманды арқау етуімнің өзіндік себебі бар.Мені мұнда блог жазуға итермелеген мына кеуде тұсыма сыймаған сансыз сырларым.Қаламым да тербелмегелі көп айдың жүзі болды.Сол арман ғой .Тағы.. Бала кездегі жазушы болсам деген арманым әлі де маған өкпелі.Соның өтінішімен келіп қалдым :) Шимай - шатпағымды осылай жариялап тұру мен үшін арманымның кішкене үлесі болсын орындалғаны.Ия , армандар орындалады.Блогер болып бақытқа бөленгім келетіні де сол себеп.Әзірге осы.Ұлық Аллаһым бұйырса әлі талай жолығармыз.Айтпақшы , танысқаныма қуаныштымын :)



Бөлісу: