Көреген патша

   Қайсыбір заманда бір патша өмір сүріпті. Ол жаугершілік ниетпен көршілес екі елге жансыздарын жіберіпті. Біршама уақыт өткенде жансыздарын қайтарып, жинаған ақпараттарын сарапқа салыпты. Патша жансыздарынан осы екі елдің өз қыздарын қалай тәрбиелеп, қастерлейтінін сұраған екен. Сонда, бірінші ел жансызы, өзі барған елдің қыздары бейсауат жүретінін және қалаған қызын оңай қолға түсіріп, шауқатын басқанын айтты. Ал, екінші елден келген жансыз, ол жерде мүлдем басқаша екенін, қыздарын аялайп ұстайтынын, бейсауат жүрмейтінін және алыс сапарға шыққанда тек әкесі, ағасы немесе бір туысы қоса еріп баратынын жеткізді. Қыздары өте тәрбиелі, инабатты және туыстарының жіті қадағалауы себепті, қыздарын қолға түсіру әрекетінен ештеңе шықпағанын айтты. Жансыздарды мұқият тыңдаған патша артынша: «Алғашқы елді жаулап алу біз үшін өте жеңіл. Себебі, өз қыздары мен әйелдерін қадірлемейтін еркектерінде намыс жоқтың айғағы. Ертең жау шапқанда, олар бас сауғалап, отаны мен отбасын тастап қашады. Ал, екінші елдің еркектері, қыздары мен әйелдерін қастерлеп, қорғағандай, отаны мен отбасын да қасық қаны қалғанша қорғайтын болады. Бұларды жеңіуіміз екіталай»-деген екен.
   Осы бір оқиға қазағелінің ертеден қуатты да жауынгер ұлт болып келгенінің бір себебін аңғартатындай. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі қағиданың бірі секілді. Қуатты ел болуымыз үшін салт-дәстүріміз бен ұлттық санамызды әрбіріміз жаңғыртуымыз керек. Осы үшін өз үлесіңізді қосасыз ба, данышпан да қуатты елдің ұрпағы?!

сурет: el.kz сайтынан



Бөлісу: