Қазақ тілін қалай көтереміз?

Қазақ тілін қалай көтереміз?
жеке
блог

Бір жанармай бекетінен бензин құямын. Келгенде «Ирина» деген жазуы бар орыс қарындасым шығады. Иринаға айтымын, «Айналайын, қарағым қалың жақсы ма? Мына менің мәшинеме ауыз-мұрнына толтырып 92 бензин құйып берші» деймін. Ирина менің бетіме бажырайып қарайды. Ұрысып тастайын десе, ұрысатындай адам емеспін. Мәшинем де онша арзан емес. Сөйтет те «Берик, Берик переведи пожалуйста» дейді, күзетші жігітке. Берік аударып береді. «А» деп құяды. Сосын кетем. Келесі жолы менің төбем көрінеді. Сол кезде Ирина «Берик, Берик қайдасың?» дейді. Босағада овчарка сияқты охранада отырған Беріктің табан асты беделі көтеріледі. Берік керек болып қалды Иринаға. Ирина Берікке мұқтаж. Мұқтаждықтықты тудырған менің талабым. Түсіндіңіздер ме? Енді қараңыз, сіздің алдыңызға Ирина кездессе, Маша кездессе орысша сөйлейсіз бе? Қазақша ма? Өзіңізге жауап беріңізші. Бір адам, екі адам, он адам, жүз адам, мың адам. Осылай талап етсе қазақ тілі дамиды. Ол талапты жасайтын бізбіз.