Қыздар алғашқы кездесуде қандай сезімде болады?

Қыздар алғашқы кездесуде қандай сезімде болады?
жеке
блог

Қыздардың қандай екенін алғашқы кездесуден байқау қиын. Олардың алғаш кездескендегі бейнесі кейін келіп тек сырт көзге көрінудің әрекеті екенін білуге болады. Себебі олар кейінгі қарым-қатынастың болу мүмкіндігі осы алғашқы кездесуге тікелей байланысты деп біледі.

Жігіттер жаңа бір қызға сөз салған кезде онымен кездесуге ешқандай артық дайындықсыз барады. Айтайын дегенім, өздерін моральді дайындап жатпайды. Иә, табиғаттан қалай болса, солай танығанын қалайды. Ал қыздар керісінше. Олар барынша жақсы көрінгісі келіп, артық сөйлемей, жігіттен ұялып отырады.

Тіпті иығынан қайырып құшағыңа басайын десең, ұялған кезде денесін діріл басады. Әрине, қыздардың барлығы ондай емес. Алғашқы кездесуде қолынан ұстатпай, ұялатын қыздар туралы екі түрлі пайымға баруға болады. Біріншісі, ол өмірінде әлі ешкіммен танысып үлгермеген, расында, жақындаудан қатты ұялады. Ал екіншісі, оны жасанды түрде жасайды. Жігіттің орайында жақсы пікір қалыптастыру мақсатында. Кездесуге барған жігіт оны бірден ажырата алмасы рас. Бірақ оны келесі кездесулердегі әрекеттерінен біле аламыз.

Шындығында, қыздар кездесуге қалай дайындалса, жігіттің сондай дайындықпен келгенін қалайды. Бірақ көптеген жігіттер ерекше стиль танытып, киінбейді де. Мен солай дұрыс деп білемін. Себебі жігіттер қыздар сынды детальдарға мән бермейді. Содан қыздар күтетін гүлді де алуды ұмытып кететініміз бар. Жігіттерге қыздың не ойлайтыны, оның жан дүниесі, сөйлеу мәдениеті, тәрбиесі маңызды.

Егер сіз табиғаттан сөзге шорқақ болсаңыз, онда алғашқы кездесу бір-біріңізге терең түңілеумен ғана өтпек. Себебі қыз қатты қобалжып, ұялып отырады. Тек сіздің оқтын-оқтын қойылатын сұрақтарыңызға жауап бергені болмаса, қалған кездері үнсіз отырады.

Иә, сосын, жігіттер гүл алып баруды ұмытпаған жөн. Қыздар гүлден басқа сыйды мін тұтпайды екен. Оларға гүл болса болғаны ...

Сурет: Евгения Горобец