КЕК

КЕК
жеке
блог

                               Бүгінгі күн сақтандыру компаниясында жұмыс жасайтын Мақпал үшін ерекше болатын. Қолында Мальдив аралына 2 адамға арналған жолдамасы бар келіншек үйіне қайтуға асықты. Жолдасымен отасқандарына 25 жыл толуын себеп қылып бастығынан бүгін ертерек жұмыстан жіберуін өтініп, орнына жұмыстасы Бануды қалдыратынын ескертті. Бану – Мақпалдың туған сіңлісі әрі жұмыстасы. Үйіне кетіп бара жатқан апасына сақ болуын ескертіп , бетінен сүйіп қоштасып, шығарып салды.

                               Жандос - милиция қызметкері, өз саласының нағыз маманы. Мақпал екеуі алғаш автобустың ішінде танысқан болатын.  Міне, содан бері екеуінің қосылғандарына 25 жыл болыпты.  Алғашында  әдемі жұбайы бар Жандос дұрыс жолда болатын-ды. Жылдар өткен сайын жас қыздарға көңілі ауып, әйелі жоқта үйінде басқа қыздармен көңіл көтеріп, жұбайы келгенде сүйікті әрі қамқор адамның рөліне қайтып енетін. Жездесінің жан-жаққа қарап, ары-бері жүретінінен  Бану қыздың хабары бар-тұғын. Тек әпкесінің бақыты үшін үндемейтін. Үйленгендеріне 20 жылдан асса да, екеуі бір баладан артық таба алмады. Оны да басқалардан кем қылмай өсіріп, білім алуға Малайзияға оқуға жіберген болатын.

                               Қуанышы қойнына сыймай үйіне ерте келген Мақпал есік алдында  тұрған Жандостың қызметтік көлігін көреді. Әдетте жолдасы өз көлігімен келетін үйге. Сүйіктісіне тосын сый жасағысы келіп, есікті өз кілтімен ашып кіргені сол еді, кенет, екінші қабаттан шығып жатқан бір түрлі дыбыстарды құлағы шалып қалады. Баспалдақта киімдер шашылып жатыр, жолдасының киімі екені белгілі... онымен қоса баспалдақта әйел адамның да киімі шашылып жатқан... Жоғарыға көтерілген сайын қол-аяғы дірілдеп, күдігі өршіп, көзіне келген еріксіз жасты тоқтата алар емес... Өз бөлмесінің алдына келіп, есікті ашып қалғаны сол еді, төсекте жатқан Жандос пен белгісіз қызды көріп шыңғырып жіберді. Күнде кешкі сағат 7 ге таман жұмысынан оралатын жұбайының бүгін ерте қайтқанына Жандос есеңгіреп қорқып кетті... Онысы отбасын бұзғысы келмегендігінен болар... Орнынан атып тұрып, барынша Мақпалды тыныштандырып түсіндіргісі келіп еді, онымен Мақпал айқайға салып көнбеді. Есін білмеген келіншек айнаның алдында тұрған тапаншаны алып, оқтап, тапаншаның басын жолдасына қарай меңзеді. Жүгіріп барып жұбайының қолына жармасқан Жандос тапаншаны алғысы келіп төменге қарай түсіріп еді, кенет тарс еткен дауыс шықты. Сонымен ертесі Мақпалды жерлеу рәсімі болды.

                               Мақпал қайтыс болған соң, бір жылдан кейін Жандос екінші қайтара үйленді. Барлығы орнына келген секілді, тек Бану қыз тынши алмады. Әр түн сайын түсіне әпкесі енетін. Ештенеге де зауқы соқпай, күнде Мақпалды ойлайтын. Жолдасы Артур  Бануды уайымдап, барынша көңілін аулауға тырысатын, бірақ барлығы да нәтижесіз. Артур да полиция қызметкері болып жұмыс жасайтын. Бану әпкесінің өлміне Жандостың кінәлі екенін білетін, тек дәлелсіз ештеңе өңбейтінін біліп еш амал жасай алмайтын. Бір күні, жолдасы ұйықтап жатқан кезде, Бану Артурдың тапаншасын алып, Жандостың үйіне жақындап қорқытқысы келіп, тапаншамен атып қалып еді, оқ үйдің жанында тұрған ағашқа барып тиді. Қатты шыққан дауыстан өзі де шошып кетіп, лезде үйіне қайтады.  Бір апатадан кейін Бану Жандостың қайтыс болғаны жайында естиді.

                               Сол күні Жандос жаңа үйленген екінші жұбайымен аула ішін тазалап жатқан болатын. Үйінің жанында өсіп тұрған ағаштың көзін жойығысы келіп тоқараны (бензопила)іске қосып енді-енді кесе бастап еді, кенет бір нәрсе тарс ете түсті... Жандос қансырап жерге құлады... Банудың өткен жолы атқандағы оғы сол ағашқа барып тиген болатын, оны Жандос тоқарамен (бензопила) кескен кезеде тоқараның басы сол оққа  тиіп, оқ Жандосқа тиген екен.

                               Сәйкестік пе?! Әлде қалай?! Мүмкін марқұм Мақпал кегін алған шығар?!

                                                                                                    МӘЖІК ЕРЛАН