Әр атқан таңым....Көктемді күтеді

Әр атқан таңым....Көктемді күтеді
жеке
блог

Бүгінгі таң бұрыңғыдан ерек атты. Аядай ғана тар бөлмеде ауа болмаған соң кереуеттің үстіңгісінен төменге қарғып түстім де,терезе жаққа бет алдым. Көптен бері күннің нұрына шомылмаған жан мен тән абдырап, көктемнің шуақты күнімен бірге оянғанына мәз болды. Бар арайын сәулелеп бөлме ішіне де шашқан жомарт күн тұтас жер бетін нұрландыруда. Терезеден аппақ даланы, ұйқыда жатқан үйлерді көріп көктемге асықпайтын секілді ме бұлар деп топшыладым. Құстар да жым-жырт, осы сәттерде ,құдай-ау, жерге көк шығып, жасыл желекке оранып, ағаштар жаңа реңкке боялып, бүршік жарушы еді ғой. Ал мұнда меңіреу тыныштық. Өгіздей аяңдаған табиғат пен тіршілік, жайбарақат адамдар. Тіпті, көшелерде жаяу жүрген адамдар да байқалмайды, бәрі темір тұлпарларына отырып, жұмысына қарай жүйткіп барады. 

Көктем бар, бірақ белгісі жоқ. Біз әлі қалың киіміміз бен етіктерімізді тастамадық. Жылылық пен жылулықты күтіп жүрміз. Айтушы еді, "Астанаға көктем кеш келеді" деп. Біз сені сағындық, күтеміз, бірақ табиғаттың заңдылығын бұза алмаймыз. Шынымен де, бізге көктем кеш келеді. Сондықтан мен көктемге аттанамын. Алматының көктемін көруге асықпын. Адамдар бір нәрсенің болуына асықса, үміттенсе міндетті түрде болады екен.