ХІХ-ХХ ғасырлардығы қазақ халқы

ХІХ-ХХ ғасырлардығы қазақ халқы
жеке
блог

Тарих тақырыбында пост жазу мақсатында, тарихты толығымен қайтадан шолып шықтым. Иә қазақ халқы хандық болып құрылғаннан бері, тәуелсіздікке жеткенге дейінгі уақыт аралығында талай қайғы қасіретті басынан өткізген. Оны бәрімізді білеміз, білуге міндеттіміз. Алла тағала қазақ халқының  маңдайына қайғы-қасіретті қалай жазса, дәл соған төтеп берер қазақ баласын ержүрек батыр етіп жаратқан. Әр заман мен кезеңдерде халқымызға кандай қауіп төнсе де соған төтеп берер батыр, тұлғаларымыз болған. Оның дәлелі: Қабанбай, Бөгенбай секілді батырларымыз, Қасым хан, Абылай хандарымыз, Исатай мен Махамбеттер, Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ә. Бөкейханов, Ахмает Байтұрсынұлы сынды ержүрек ер тұлғаларымыз. 

 Тарихты шолу арқылы халқымыз үшін қиын кезеңдердің бірі ХІХ-ХХ ғасырлар болғандығын аңғарамыз. Сол кезеңдерде Абайдың ақындығы, Шәкәрімнің ғылыми жұмыстары, Ыбырайдың ұстаздық еткен еңбектері болашақтың қаланып жатқан кірпіштері болатын. Махамбет пен Исатайдың ак патшаға қарсы көтерілістері, қазақ халқының ұлт-азаттық көтеріліске деген талпыныстарының күшеюіне ұмтылдырған болатын. Халқымыздың Ресейдің аяқ астына тапталған ар-намысын көкке көтеру мақсатында талай қарсылықтар мен көтерелістер болып жатты. Ал 1920-1921 жылдардағы ашаршылық, 1931-1933 жылғы қолдан жасалған ашаршылық халыққа үлкен зардап әкелді. Ашаршылықтың қандай сұмдық зардапқа әкелгенін білу үшін есепке жүгінелік. 1897 жылғы өткен Ресей империясындағы ресми статистикасы бойынша, өзбектің саны 1 млн 690 мың, ал тәжіктің саны 350 мың болыпты. Ал сол кезде қазақтың саны 4 млн 84 мың адам болған. Ал содан тура жүз жыл өткенде қазақтың саны 9 млнға әзер жетті. Аштықтан қырылмағанда қазақтың саны дәл бүгін 40 млн болуға тиіс еді. Кеңес одағының құрамындағы елдердің арасында ашаршылық кезінде украиндар, қазақтар және Кубан, Еділ бойының қазақтары көп қырылды. 1926-1936 жылғы санақ бойынша 3-4 миллион қазақтың біразы қырғынға ұшыраса біразы басқа елге кетіп, жапа көрген. Тарих ғалымы Бүркітбай Аяғанның айтуы бойынша.

1937-1938 жылдары халыққа зобалаң әкелген ауыр жылдар еді. Бұл жылдары елім, жұртым деп жүрген азаматтар халық жаулары деп атылды. Сол репрессияға ілінген зиялыларымыз, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Бейімбет Майлин болатын. Ресей өкіметенің казақтың көзін аштырмау мақсатында бұндай зұлымдықтарға баруы халық үшін үлкен соққы еді. 1940 жылдардың аяғында Мәскеу ортылығы қазақ халқы зиялы қауымдарының арасынан ұлтшылдар мен байшылдарды іздеу науқанын басынан кешті. Тіпті М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, Қ. Бекхожин, С. Бегалин сынды ірі тұлғаларға тіл тигізушілер табылмай қалған жоқ. Турасын айтқанда 1937-1938 жылдардағы орын алған саяси оқиға қайталанды.

Ал 1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы кезінде қазақ халқы ерекше рөл атқарды. Кеңес одағындағы көптеген зауыттарды осында көшіріп, колданған болатын. Ал соғыс алаңында 126 мың қазақ әскері қаза болған. Осы бір ауыр жылдары халқымызға тағы да соққы болып адам шығынына ұшырадық.

Мейлі біз жоңғар-қалмақтармен соғысып зардап шегейік. Мейлі Ресей қол астында ІІ ғасыр бойы қиындық көрейік, ашаршылықтан соғыстан қырылайық. Бірақ біз барлығына төтер бердік, қарсы тұра білдік. Қазақ халқының ешкім де көзін жоя алмады. Қазіргі таңда  ең алып, дамыған мемлекеттердің біріне айналып келеміз. Өйткені біз-қазақпыз! Сондықтан тарих біздің даму жолындағы ерліктеріміздің дәләлі болмақ.