Дүниедегі асыл жанға...

Дүниедегі асыл жанға...
жеке
блог

Алғаш осы сайтқа тіркелген күні тура 8 наурыз мерекесіне тұспа-тұс келген болатын. Әрине алғашқы жазбамды оқыған боларсыздар... Келесі жазбам да мерекеге арналған болатын... 

Алайда осы жазбамды мен Анама арнағым келді! Себебі ол туралы толғанбайтын  бір күнім жоқ... Анасы жайлы толғанбайтын адам жоқ шығар бұл дүниеде.

Менің Анам!!! Осылай атап ″Міне осы менің анам, мені тапқан және мені тәрбиелеп өсіреген, бойындағы бар байлығын мен үшін сарп еткен жан!“ - деп бүкіл әлемге жар салып, қолымнан келсе аспанның төріне атын жазар едім... 

Қайда жүрсем де, қайда барсам да 1 минутта болсын ойламай қалған кезім болған емес. Өзім, ісім мен де болса да, ойым мен жүрегім анам да болады.

Ал үйге келген де тек 2 күнге бар жоғы, сол күнім жәй өтсе екен деймін... Ия өскен соң өз-өзіңмен болып кете барады екенсің... Сені ойлап артыңда қалып, күдіз-түні тілеуіңді тілейтін бірден-бір жан ол Анаң!!! Жүрегі сезімтал, ананың аялы алақаны, сен үшін болсын, қайғысына болсын тамған тамшы жасына, арқасына арқалап салып, түн ұйқысын төрт бөлетін анамыздың тартқан машақатына осы біз лайықты құрмет көрсетіп жүрміз бе? 

Адам болған соң қателесесің, кеде анамды ренжіткен тұстарым да болатын, әттең-ай сол кезде неге ғана солай жасадым екен? деп қазір өкінетінім рас. Алайда ана жүрегі кешірімдіғой... Соншалықты жаман қыз болған жоқпын алайды ана жүрегіне кікене айтақан қате сөздің өзі инеше қадалмайма?

Міне осылай әрдаым анамды ренжітпеуге тырасамында жүремін... Сол келген апта соңындағы демалыста қуаныштан жүзім бал-бұл жаным асыға келіп анамды құшақтап, анама барынша жағдай жасап, көңілін аулап кетуге тырысамын!

Меломен тобының „Ана сен бақыттысың...“ деген әнін өз анама арнаймын!!!

Ана сен бақыттысың жыламағын...

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармынғой, тірімінғой, қасыңдамын...

Өлмеймін мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып өз-өзіңнен шашылмағын

Байырғы берекеңдіқашырмағын.

Мен сенің қанықпынғой көз жасыңа.

Өзің кепіл тот басып, тозбасыңа

Екі жыр жазсам саған бірін арнап...

”Ана″ деп жаздым ылғи сөз басына!

Тәңірім кешегөрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді...

Ана сен бақыттысың тербете бер

Қуат алда иілген бесігіңді...

Ана...