Sony компаниясы дауыспен басқармалы Smart Bluetooth BSP-60 баяндамашысын жариялады.

Қазіргі нарықтық, коммерциялық Amazon сынды шетелдік алып-сату мақсатындағы веб-сайтында Echo деп аталатын әуен динамиктері мен тыңдау құралдары баға жеткізбес болып саналады. Алайда, бұл Sony сияқты алып дамушы ұйымды Echo-ға бәсекелес құралдарды ойлап табудан тоқтата алған жоқ. Smart Bluetooth BSP-60 атты жаңа дауыс қабылдағыш құралы, сіздің Android қалта телефоныңызға қосылу арқылы, телефоныңыздан сізге керек деген бар ақпаратты ықшамдап және нақтылап айтып бере алады.


Мәселен, бұл дегеніңіз, күнделікті естуге тұрарлық ауа-райы болжамын, болмаса тіпті сізге қажетті күнтізбеңіздің кестесінен қажет ақпаратты тасымылдай алатын кішкентай қара домалақ пішінді көмекші - Smart Bluetooth BSP-60 дауыс қабылдағышы.  Ал егер оған "okay, speaker", яғни "жарайды, баяндамашы" десеңіз, ол бірден сіз айтатын жеңіл тапсырмаларды орындауға дайындалады. Сонымен қатар сағат таймерін, дабыл орнатқышты, болмаса хабарламаларыңызды тексеруге әзірленеді.

Кірістірілген микрофонның көмегімен конференциялық қоңырауларды қабылдап, ролик іспетті домалақ корпус астындағы ықшамды дөңгелектер жәрдемімен тегіс жазықтық бетінде Sony Rolly сияқты роликтермен жүгіруге мүмкіндік береді.  Smart Bluetooth BSP-60 дауыс қабылдағышының ең тартымды жері  - оның жоғарғы жағындағы егіз дыбыс шығарушыларының болуында және олар сфера пішіндес, қозғалмалы.

Ал енді, осы екі дыбыс шығарушы таңғы сағат 6-да сізді өзіңіздің сүйікті әуеніңізбен қалай оятқанын көз алдыңызға елестетітіңізші...

Одан бөлек, құрылғы түсін құбылтып, жарық түсіріп, Трон-стильді оятқыш ретінде де, пайдаланушысын қызықтыра алады. Жарық түсіруші мен құралдың сан-түрлі түстерді құбылта алуы, негізінен, иесін ояту мақсатында және шағын көрсетілім үшін жасалған. Бірақ бұл Сони динамиктеріне ерекшелік пен сүйкімділік беретін сияқты.  Егер құралды пайдалануға мүдделі болсаңыз, біршама ақша жұмсауға дайын болыңыз. Себебі Сони бұл таңғажайып құрылғысы үшін 2015 жылғы Q2 көрмесінде  €299 ($355) -ға жуық ақша сұрамақ екен.

Ақпарат көзі:  Sony's voice-controlled speaker can follow you around the room



Бөлісу: