Қандай үміт күтсең, сондай нәтиже көресің!

Қандай үміт күтсең, сондай нәтиже көресің!
жеке
блог

Сіз балаңыздан қандай үміт күтесіз? “Нобель” сыйлығын иеленетін атақты ғалым, келешекте “Оскар” жеңетін әйгілі әртіс, әлде саяси сахнада ерекше орын алатын мемлекет президенті бола ма?  Барлығы да мүмкін.

 

Балаңызға тәрбие мен білім беруден бөлек, оның өзіне деген сенімін ұялата білу өте маңызды. Социология ғылымында “self-fulfilling prophecy” деген ұғым бар, ол адам басқалардың өзіңе деген көзқарасына, сеніміне қарай әрекет етеді дегенді білдіреді.

 

Осы ойды Rosenthal мен Jacobson мектеп оқушыларының арасында тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеді. Қысқаша тоқталып кетсек, тәжірибеде сыныптағы балаларды кездейсоқ түрде екі топқа бөледі. Бір топқа: “Cендер екінші топтан гөрі ақылды, шапшаң, айтқанды қағып алатын дарынды балаларсыңдар”, - деп айтады. Ал екінші топқа: “Cендер әлсізсіңдер, сабаққа деген бейімдерің төмен, қиын есептерді щығара алмайсыңдар!” - деп үнемі айтып отырады. Жыл соңындағы балалар үлгеріміне сүйенсек, өздеріне “ақылдысыңдар” деп айтқан балалар әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге ие болады.

 

Осыдан, егер балаңыздан зор үміт кұтетінініңді айтып, оның әр мақсатқа қол жеткізе алатынына сенім білдіріп отырсаңыз, бала оны ойына тоқып өседі. Бала психологиясы оған қандай дәрежеде тапсырмаса берcең, қандай жауапкершілік артсаң, сондай дәрежеде үмітіңізді ақтауы ықтимал. Ал егер “Cенің қолыңнан түк келмейді, жұрттың баласы ғана керемет” дей берсеңіз, бала батыл шешімдер қабылдауға сенімділігі жетпейтін адам болып өсуі мүмкін.

Қорытындылай келсем, келешегіміздің рухани тәрбиесіне аса зор мән беру керек. Балалардың биік мақсаттарға жетіп, үлкен армандарды қуу үшін олар өздерінің табысына деген үміт пен сенімді сезінуі маңызды.