1913 жылғы бөтелкедегі жолдау табылды

Бүгінгі күнге дейін Гиннес рекордттар кітабына бөтелкедегі ең ескі жолдау болып 1914 жылы шілде айында жазылған жалдау енген болатын. Ол жолдауды Эндрю Липер есімді шотландық балықшы тапқан еді.

Ал бұл рекордты Конрад Фишер есімді неміс балықшысы жаңаландырды. Ол 2014 жылы 4 мамырда Шлезвиг-Гольштейн жеріндегі Балтық теңізінің бөлігінен жүзіп келе жатып бөтелкедегі жолдауды табады. Бұл жолдауды бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін 1913 жылы 17 мамырда даниялық Ричард Платц өз өлімінен алдын жазғаны белгілі болды. Шет елдік прессаларға сүйенетін болсақ, бөтелкедегі ашық хат Даниядан сатып алынған. 

Балықшының айтуынша ол бөтелкеде не жатқандығын байқамаған, лақтырып жібермекші болған. Тек серігі айтқан соң ғана ашып көрген. Бұндағы автордың айтуы бойынша ол осы ашық хатты өзінің Германиядағы мекен жайына қайта жіберуін өтінген.

Конрад Фишер бұл жолдауды қандай мақсатта қолданатынын әлі шешкен жоқ. Музейге беру немесе аукционға қою.



Бөлісу: