Көлеңкесі түсіме ене берді...

Жүрегімде белгісіз жан елеңдеді,

Түсі суық,бойы ұзын ерең еді.

Мен оның түрін әлі көрмесем де,

Көлеңкесі түсіме ене берді.

Түрін онша көзіме іле алмадым,

Бір білерім,болашақ менің жарым.

Сұрғылт келген көлеңке көзімді жармап,

Әттең,тағы бейнесін біле алмадым!

Тағы бір күн түсіме,тағы енді,

Көлеңкесі көзімді арбай берді.

Еңген сайын түсімде айтатыны,

"Күтші жаным,жақында келем"-деді!



Бөлісу: