Шет елдік азаматтармен тұрмыс құру толғандырады

Қазақ қызы - шет ел асып барады. Қоғамда елеулі тақырыптардың бірі - қазақ қыздарының шет ел азаматымен бас қосуы. Жыл сайын бұл көрсеткіш көбеймесе азайғанда емес. Негізгі бас қосулары - шынайы махаббатта десе, енді біреуі байлықтың буымен деседі. Дегенмен өз көзіңмен көргенге жетпейді екен. Қателеспесем 2-курсымда өндірістік тәжірибеден өтіп жүргенде, мен осы тақырып төңірегінде материал дайындадым. Бастапқыда мұндай жағдайдағы азаматшаны табу қиындау болды. Көп ізденістің арқасында Алматы қаласының тұрғынын кездестірдім. Ол француз жігітіне тұрмысқа шыққанын қазір бақытты отбасы екендіктерін айтты. Мен оны сөзге тартып, сұхбат беруін сұрадым. Алғашында келіспеді, ешқандай зиян шекпейтінін ескерттім. Және бақытты жанұя екендіктеріңізді көрсететін оңтайлы сәт деп те айттым. Содан Алматы қаласындағы уйіне ертіп апарды,жұбайын да әңгімеге тартып, қалай танысқандықтарын сұрадым. Оларды байланыстырған нәрсе -  айтулары бойынша шынайы махаббатта екен. Кәсіптері де бір көрінеді, яғни суретші болып шықты. Көрмеде танысыпты, бастапқыда жәй ғана достар болғанын одан ары адал достықтары ажырамас махаббатқа ұласқандықтарын жасырмады. Осылайша әңгімеміз өрби түсті. Француз азаматының жас мөлшері едәуір үлкен екендігі көрініп - ақ тұрды. Ол орыс тілін аздап біледі екен. Оны қазақша сөйлеттіруге тырыстым. Сөйледіде...қазақ қызының арқасында тілін бұрмалауына тура келді. Қазақтарға сәлем жолдады. Апкеміздің айтуы бойынша, бәрі біздің салт жоралғымызбен болған екен. "Әке- шешеме келіп , құда түсіп, қалыңмал әкеліп, қолымды сұрады" - дейді. Француз жігітіне қойған басты талабы осы болса керек. Бірге түскен суреттерін қарап шықтым. Іштей қынжылғанымды жасырмаймын. Бейне бір "әкесі мен қызын" көргендеймін. Жатта болса, қазақ қызының ертеңгі күні мені қатты толғандырды. Ұсақтардан жиналып, іріленіп кетерміз десек, осындай жағдаяттар жоқ болып кетуімізге әсерін тигізбесе игі.  



Бөлісу: