Тұжырым

Астан-кестен...
Күл-паршасы шықпау үшін жоспардың...
Ешбір жанға сыр айтпауды ұйғардым.
Сырларынан шошынғаннан достардың...
Жүрек мұңын келеді екен миға алғым.

Иə...
Ақылыммен қорған болып жүрекке,
Бар мақсатым кір-қоқыстан қорғаштау.
Біреулерге жағымды боп көрінер,
Ал біреуге бола жатар оғаштау.

Пікір айтар...
"Жүрегіңді тыңдау сенің басты шарт!
Ау,ақыным?! Мына ойың татымсыз!"
Машақатын бере берер тағдырым,
Датымсыз да, хатымсыз!

Сондықтан да...
Алдыменен мені ұқ!
Айтылмайтын,ашылмайтын сырлардан.
Мені білде,үн-түнсіз-ақ зерттеп ал!
Үш нүктемен жұмбақталған жырлардан.

Содан барып...
Түсінерсің жанымды.
Көрінеді,көрінеді сұлбамыз.
Сүбелі сөз,тұщымды ой айтқанмен,
Жүрегі бар,ақылы жоқ тұлғамыз!

 
Нақпаев Аян 21.01.2015 жыл


Бөлісу: