«Санасыздық» - дерт!

«Санасыздық» - дерт!
жеке
блог

«Санасыздық» - дерт!

«Homo sapiens». Міне, нағыз саналы адам. Ең алғаш адамзат қалыптасқан кездегі санасы сау адам осы. Осыдан кейін саналы адамдар бар ма жоқ па осы жайында сөз қозғап көрсек.

Ғасырлар тоғысындағы қанша ма жандарды сөз етуге болады. Олардың саналысы мен санасыздары жайында.

Жалпы алғанда, ана «Homo sapiens» деген  біздің заманымызға дейін өмір сүрген  емес пе еді...?! Сонда одан кейінгі адамдар қалай ғана «санасыздық» дертіне шалдықты?!

Бүкіл әлемде, әр елде «қоғам» дейтін ортақ түсінік бар. Бұл бір теңдессіз күшке ие құбылыстан пайда болған ортақ дүние. Оның айналымына түсіп, сонымен бірге айналасың. Шеңберден шығып көр, барар жерің – көр! Осы қоғамның әсерінен біз «санасыздық» дертіне шалдығып жатырмыз. Ал, дертті жұқтыратындар да жұқтартындар да – адамдар. Өйткені, қоғамның патшасы адам. Қызық! Тіптен миың жетпейді, түсінуге де тырыспа, мертігіп қаласың.

Қарапайым мысал: бір адамның таңдауындағы жолы саналы жол. Ол сол түзу жолдан әлі шығып көрген жоқ. Ол саналы еді. Бірақ, бәрі басқаша боларын ол сезген жоқ. Санасыздық ту сыртынан келді. Оның мақсатына жету үшін, миын санасыздық  жаулаған адам келіп, біз айтып отырған саналы адамға ақша мен билік ұсынды. Біздің кейіпкер өзінше «саналы» дүниенің шегіне жету жолда осы ұсынысты дұрыс деп жөн көреді. Бірақ, дұрыс ештеңе болып жатқан жоқ. Біреу еді енді екі санасыз адам қалыптасты. Дәл осылай әртүрлі жағдайменен адамдар «санасыздық» дертке ұшырасып жатады.

«Жамандар жақсымын деп айғайлайды,

Жақсылар жақсымын деп айталмайды». Жамандар деп отырғанымыз – санасыздар.  Олар өздерінің ісін ешқашан жоққа шығарып, теріс деп санаған емес. Өйткені, олардың алғашқы ойлау дүниесі саналы еді. Жоғарыдағы мысалдың кебін кигендер тек. Ал, саналылар қоғамда бар. Мүлде жоқ деп айтар болсам, ендеше қоғамның тартысы болмас еді. Жалпы өмір қызық болмас еді. Бірақ, қызығы миллиондаған санасыздардың бір саналы адамға шамасы жетуі не ғайбыл... Тіптен, дертке ұшырағандардың алды саналылардың миын пайдаланып жүр. Әрине, миды ауыстырып опа таппас, бірақ, сол ми жасап беріп отырған сөз бен істі сатып алады да «өзім» жасадымның әдетіне салады.

Дүниеге баласын әкелген ана мемлекеттен қаржы талап етеді. Тіптен, бұл жердегі талап ету «санасыздық». Құдай: «баланы туда мемлекеттен қаржы сұра» демейді ғой. Баласын баға алмай, оның арман қанатын ерте кесіп тастайтын санасыз аналардың кесірнен армансыз адамдар өсіп жатыр қоғамда. Арманы болмаған адамнан, қандай да бір елге пайдасы бар идея туа ала ма?! ЖОҚ! Олар әлгі дипломы бар бірақ жұмыс істеуге миы жетпейтіндер секілді. Немесе тап солардың өзі.

Мемлекетке тигізер пайдасынан гөрі зияны көп санасыздардың кесірінен, күдік пен үміттің ортасында сандалып жүргендер бірден «күдік» дейтін жолға түсіп кетеді. Сөйтіп, қоғамда дау пайда болады. Өтірік, өсектер де... Ақыр соңы, саналылардың берген ақылын тыңдап, БАҚ өкілдері санасыздарды жынды қылып, біліп тұрған дүниесін қайта сұрап, сұхбат жасап, қысқасын айтқанда, әйтеу бір дүние жасау үшін әрекет етеді. Әрекеттен пайда бар ма жоқ па ол маңызды емес, бастысы дерт дер кезінде тарау керек. Көк жәшіктің алдында отырған саналы жастардың көзіне көрінген бояу, құлақтарына естілген өсек-аяң жинақталып келіп мидың бір бұрыныша барып, жарықтан қорқып жатқан біреудей елеңдеп ебелек қағады. Бұл дерттің алғашқы басы. Мида күдік пайда болады. Жалмайды. Көзді шел басады. Сомен бітті.

Кеше көгілдір экран алдында отырсам, «Мұхтар Шаханов жайында бір ерсі дүние айтылып жатыр. Айтып жатқан адам «САНАСЫЗ!». Менің санамды улағысы келеді. Енді, қараңыз, сол журналистке Шахановты жамандау, оның жеке өмірі жайында елге жария ету, тіпті ерсі тұрғыда сөз ету пайда әкеле ме?! Әрине! Оған үлкен пайда әкеледі. Өйткені, бір мекемедегі бір журналистың қателігі, сол мекемедегі басшының «санасыздық» дертімен ауруы. Әрі ол өзіне жұмысқа тұратын әрбір журналистің өзі сияқты ауырғанын қалайды. Әйтпесе, ол қоғамның талабына сай жұмыс жасай алмай қалуы ықтимал. Әрі материалдық жағы құлдырап кетуі мүмкін... Шаханов әдебиеттегі қайталанбас тұлға. Болды. Сананың қатпарына осылай тығып тастау керек. Оның жеке өмірі жайындағы дүниені талдап, саралау басқа дүние.

Саналы болып туыламыз. Құдайды құдіреті ол. Санасыз болып өмір сүреміз. Әрине, таңдау жоқ емес, бар. Санасыз қалпымызда өліп кетуіміз де ғажап емес. Ал, санасыз күйде өлу деген, тозақтың отына күю деген сөз.

Уағыз айту - сауап. Бірақ, діннің жолы өте ауыр. Жеңілін іздеу тек имандылықта. Дінді тану үшін күш пен жиһад жасау маңызды емес, тек қана саналы түрде өмір суру. Иманның айнасына күнде қарай білу. Бірақ, санасыздық ақыры таза діннің бетіне дақ түсірді. Оны жасап отырған адам. Ешқандай да қоғамдық процес немесе қақтығыс емес,  қарапайым ғана сананың құлдырап, табанның астында тапталып қалған түрі ғана. Сіз уағыз айтушының сөзін аңғара алмасаңыз сол жерден тоқтап, саналы түрде ізденіс жасап Құранды өз бетіңізбен оқыңыз. Дертке шалдықпайсыз әрі біреуге жұқтырмайсыз.

Түйіндеп келгенде, «Homo sapiens» - «Саналы адам» не үшін саналы адам болды деген кезде, ол бәрін өз бетімен білуге талпынған, үйренген. Белгілі бір санаға жету жолында Жаратқаның берген қолын, мұрынын, аяғын, көзін, құлағын, миын пайдаға асырған. Осыдан қанша ма мың жылдықтарыдң қатпарында жатып, осындай атаққа ие болған адамға қарап, өркениеті мен өресі өсіп кеткен ХХІ ғасырдың ұрпақтары ұялуы керек! Біз сол Жаратқан берген  жарамдылықты да жарата алмай жүрміз. Келесі айтар сөзім санасыздар үшін керісінше болуы да мүмкін. Себебі, біз тым биік ойлаудың емес, өте таяз ойлаудың тұңғиығына батып барамыз.

Марғұлан АҚАН