"...Қылтимадан билет бар ма, қылтиып отырайын деп едім..."

"Әзіл әлемі" театырының директоры, әртіс - Тұрсынбек Қабатовтың астарлы ақиқатпен айтқан әзілі сүйектен өтерлік өте ойлы екен. 

Қарап, тыңдап көріңіздер, айтқандарын сөзбе-сөз төменге жазып та қойдым:


Тұрсынбек Қабатов:

"Қазіргі қазақ аудармасын қазақтың өзі түсінбейді ғой. Жастардаң сұрасаң оқу орындарының атауын орысша айтады. Өйткені айтуға жеңіл. Қазақшада аударма болса болды дегендей. Аударып қоямыз, айтуға келмейді. Мысалы, қайда оқисың десе ЕНУ-да дейді. Қазақшасы болса ЕҰУ. КазНАМ деген бар, қазақшасы ҚазҰӨА. Ана екеуін милиция ұстап алып, қайда оқисың десе, мен ЕҰУ, мен ҚазҰӨА-да оқим десе, сендер массыңдар ғой деп алып кететін секілді... Әйтеуір аударсақ болды. Қоршаған ортаны қорғау министірлігі, қысқартылғанда ҚОҚМ, кім айтады ҚОҚМ-да жұмыс істеймін деп, тағы орысша атауы кетеді...

Мысалы спорт жағын алсақ, мына жігіт КМС - кандидат мастер спорта дейді. қазақша қалай - спорт шеберлігіне үміткер - СШҮ, сен СШҮ-сің ба десе сол жерде қатып қалатын секілдісің ғой... Қазақша бар да, соны айтсақ болды дей салады.

Мысалы, мына балконды "қылтима" деп қойған. Кім барып кассадан "маған қылтимадан билет бар ма, қылтиып отырайын деп едім" билет алады? Ешкім айтпайды ғой олай. 

МАССАЖ деген бір сөздің өзін Ұқалау, сипалау, процедура қабылдау бөлмесі деп аударып қояды, ана сөзді айтқанның өзінде аузыңа массаж жасап аласың. Оны тағы қысқартып қойған ҰСПҚБ деп. Арасында "маған кішкене ҰСПҚБ істеп жіберші, кішкене-кішкене" ...

Бастысы қазақша бар, ешкім әйтеуір үндемейді, орысша айтса айта берсін, бір мағынасы бар сөзбен аударса ғой деп айтқаным да...

Біз тіпті ұлттық киім кигенде де қызықпыз. Біреу қазақша киім киіп бара жатса күлеміз. "Наурызға кетіп бара жатсың ба?"... Шынымен наурызға кетіп бара жатсың ба дейді, ана байғұс ұялғанынан үйіне барып қайта киініп шығады. Расымен солай...

Кейбір жанұялар бар, орысша санап, орысша сөйлесе, жанұясымен элитамыз деп саналады. Сол жанұя құрбандыққа кетіп бара жатыр. Тұқымымен құрып, құрбан боп бара жатыр.
Қалаға келсек болды, неге орысша сөйлеп кетміз, мен соны да түсінбеймін. Сөйлей алса ғой, кейбіреулер не сөйлей алмайды. Неге сонша қиналады олай, дымдары қалмай орысшасын құрап-сұрайды

Енді қазақша киініп жүруге де болады. Көшеде басқа үкі тағып, ұзын көйлек кию міндетті емес. Сырт киіміне, жаға, жең, басқа тұстарға әдемілеп қазақ оюын келтіріп қосып тігіп қойса, осы жерде бір-бірімен қазақша сөйлесіп жүрсе, бізден асқан ел бола ма?!"



Бөлісу: