Тақырып...

Тақырып...
жеке
блог

Туындайды анда-санда көмескі ой,
Өмір деген қаратүнек емес қой.
Жарығы бар Күн сəулесі секілді,
Арайынан өтер əлі кеңес,той.

Мазалайды соңғы кезде көп сұрақ,
Кіріптарлық,тəуелділік жоқ бірақ.
Адам айтса нанғысыз-ау,кім білген?!
Жүрегімді алғандаймын құлыптап...

Тағдырымның айтар болсам зар үнін,
Дес бермейді ақындық бұл дарыным.
Құштарлығым артқан кезде кенеттен,
Неге ғана кеш жанады жарығым?!

...деп,өзімді бір сөгіп те аламын,
Қайғы,уайым...кезіккенде нала-мұң.
Өлең ауыр,өмір досы іспеттес,
Өмір сүру - оңай емес,қарағым!
Өлең жазу - оңай емес,қарағым!

Демеңіз де мына бізді: "сұсты адам",
Айырма жоқ - ісмер адам,ұстадан.
Сөз маржанын тізбектеуде - шеберлік!
Шебер істе ақиқатты ұстанам!

© Накпаев Аян ХII.2014