қайран "ЖАУ ЖҮРЕК МЫҢ БАЛА"...

 

Оқу жылы басталар шақта барлығымыз да қаруымызды жабдықтау үшін базарларды аралып оқуға арналған құралдарды алатынымыз белгілі. Дәл осы себептермен Бауырымды ертіп, Алматы қаласындағы кеңсе тауарларын сататын  базардың біріне жолым тұскен еді. Дәптерлер мен қаламдарды алып тұрғаным  сол еді, сатушыға бір бала:

-         Апай, маған «БЕН-10» суреті бар күнделікті  беріңізші, - деді де, әлгі күнделікті қолтығына қысып жөнеле берді. Енді ақша төлей бергенім сол еді, жаңағы сатушыға ұлын жетекте бір әйел келді де баласына:

-         «Жау жүрек мың баланы» алайық, жарайды ма? – деп еді, әлгі бала:

-         Жоқ! Маған «Қара киімділердің» суреті бар күнделік керек. Басқасы керек емес, - деп анасына жекіп тастамасы бар ма.

Сонымен, қазақ кино әлемінде төңкеріс жасаған Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмінің суреті бар күнделік  сауда сөресінде ығысып қала берді.

Отан сүйгіш ұрпақ мектеп жасынан басталатындығын естен шығамағанымыз абзал емес пе?!

Шет елдің «қай-қайдағы» «БЕН-10» мен «Қара киімділері»  орын тапқан нәресте жүректерінен жауды жағасынан алып, ұлан байтақ еліміздің жерін қорғауға ат салысқан Мың бала өозғалысының әлі де орын алмағаны ма сонда.

Мектептегі ұстаздар мен үйдегі ата-аналарымыз «өзімізден өзгенікін құп көреді ме», жоқ әлде басқаның түкке тұрғысыз ойдан шығарылған кейіпкерлері өзіміздің бабалардың ерлігінен артық тұрғаны ма?!

Үлкендерге кінә тағуымның себебі, жоғарыдағы ана да, сатушы да балаға «Қой» дегеннің орнына «Ала ғой» демесі бар ма? Балада еш кінә жоқ қой. көгілдір экраннан нені көрді, соны алғысы келді. Әуезов атамызша айтар болсам, ел боламыз десек бесігімізді түзейік. Оқушы санасына құяр тәрбие мен білімнің сапалылығы мен мөлдірлігіне назар аударайық.

Ойланайық... Бүгін фильмдеріне жақын болып жүрген перзентіміз ертең өзге елді менің елім екен демесіне кім кепіл?! Жарайды, әлгі екі бала сатып алмаған күнделікті өзім-ақ  сатып алдым. Себебі, маған ол керек. Ен өз елімнің тарихына бей-жай қарай алмаймын. Бәлкім өзгеге үлгі болар.

Базардан бір түрлі көңілсіз қайттым. «Біз неге өзіміздің фильмдеріміз бен әншілерімізді күнделік бетіне шығармаймыз?» - деп жатамыз. Алушысы жоқ тауарды шығару өңдірушіге де пайдасыз емес пе?! Ендеше шынымен де ойланар дүние. Қайран «Жау жүрек мың бала!»...



Бөлісу: