Кезексөз: "Мен Массагетке қалай келдім?"

     Мен Массагетке қалай келдім? Осы жерде жұмыс жасайтын адам секілді көрініп қалдым ба? Жоқ, мен осы сайттың тұрақты оқырманы, реті келгенде қолданушысы боламын. Оқырманымын дейтінім - айдарларындағы материалдарды тұрақты оқып отырамын. Ал, қолданушысымын дегенім - сабаққа кей мәліметтерді алып отырамын. Жә, сонымен, қалай келдім?

     Бұл сайттың өмірде бар екенін 11 сыныпта білгенмін. Ол кезде "Mail Agent" гүлдеп тұрған кез еді, шіркін! Мой Мирға анда-санда қалада не мектептің информатика пәнінің кабинетінен кіріп қоятынмын. Сол кезде Массагетке мен жібердім бе, әлде ортақ достар арқылы ОЛ маған жіберді ме, белгісіз, әйтеуір достасыппыз. Микроблогқа жариялап отыратын материалдарын. Ол кезде оның SMM деп аталатынын білмеймін. Десе де, журналист боламын деп жүргем) Содан бр күні Құдайдың құдіретімен сілтеме бойынша өтіп, оқып көрдім. Содан бері қолым қалт етсе болды, массагетке кіретінді шығардым. Бірақ, ҰБТ бөліміндегі Қазақстан тарихы мен Қазақ әдебиетінің сұрақтары дұрыс ашпайтын. Ошибка 404 деп шығып кететін. Ол енді маңызды емес. Сөйтіп жүріп сол микроблогқа жазып жүрген адаммен таныстым. Ол - Айгерім Сматуллаева болатын. Логинын алып алдым да, ол кісімен де достастық. Осылайша алғаш таныстықтар басталды. Сайтпен де, оның ұжымымен де. Материалдар соңындағы авторлар бойынша ең есімде қалғаны - Ардақ Құлтай еді. Фэйсбукта да достасқандарымның ішінде Ардақ аға оқ бойы озып тұратын. Бұл да болсын сүйікті сайтыма деген махаббат шығар деймін. Ал, бүгінде маған сайттың әр қызметкері ерекше. Өткендегі кездесуден соң одан әрі ғашық бола түстім. 

     Ал, блогты қашан жаза бастадым? 1 курсқа аяқ басқан кезде жатақханаға орналастық. Бір жаңа қыз келсе - у-шу боп соның бөлмесіне барып, танысамыз келіп. Содан кезек Данай Әмірге (данагүл Берекет) келді. Барлық қыз соның бөлмесіне бардық. Таңға дейін әңгіме айтып, шәй іштік. Әңгімеден-әңгіме шығып, неге блог жазбайсың деп төтесінен сұрақ қоя салды. Блог деген - агенттің блогы ма деп жүрген мен үшін, ол тосын сұрақ болды. Ол қалай сонда дедім. Аа, басынан айтайын: Массагет деген сайт бар, соны оқыңдар деп бастағаным сол еді, Дәнөш иә, мен де бармын массагетте деді. Одан кейін жаңағы сұрақты қойып, блогтың не екенін ұқтырғандай болды. Расы керек, қанша оқысам да, блог жазу деген тетікті көрмегенмін. Тіпті бір рет массагеттің поштасына материал жібергем. Онымен, жарияланбады. Өлең бе екен, есімде емес. Жә, ол өткен кез ғой. Содан Дәнөштің сөзі есімнен кетпей, ертеңіне алғашқы блогым дүниеге келді. Армандар орындалады деп бастадым. Кейін интернет-журналистика сабағында блог жазу міндетті болды. Ұжымға аздап үйреніп қалған маған, ол онша қиын болмады. Алғашқы кездер қызық еді: қанша қаралым, кім пікір жазды деп сәт сайын үңіле бересің. Міне, осылайша массагетке келдім десе болады. Сол кезден бері массагетіммен біргемін.

     Күні кеше ұйымдастырған кездесу кештеріңіз үшін көп рахмет! Мен үшін орны оқ бойы озық тұратын екі ұжым бар: Бірі - "Жасөркендіктерім" болса, бірі - "Массагетіктерім". Жақсы көремін сендерді!

Эстафетаны Массегет қызметкері, жерлесім - Жасұлан Исакаев мырзаға және құрбым, массагеттің белсенді қолданушысы һәм оқырманы - Есіл Еркесі, яғни Әйгерім Тоқсанбекке ұсынамын.



Бөлісу: