Менің жүрегімдегі Алаш


Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамын.

Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ,

Мен неге қазақтынтан сақтанамын.

(Міржақып Дулатов)

 

         Майталман жазушылар мен кемеңгер саясаткерлердің басын құраған нағыз демократияның қайнар көзі, сол бір алмағайып заманда халықтың сөзі һәм көзі болған, бүгінгі егемендігінің негізіне бастама бере алған жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартысындағы Алаш партиясымен, ұлт түйсігі мен санасына жаттасып, жүректеріне үміт ұялатқан Алаш автономиясын бүгінгі жас ұрпақ та оларға тәлім мен тәрбиені, үлгі мен өнеге беріп жүрген ағаларымыз бен аналарымыздың да, нақты айтқанда жүрегі елім деп елжіреген қазақ жұртының санасында сайрап тұрғандағы бәрімізге аян.

 

        Сол бір замандарда еліне қол ұшын созып, көмек беруге әзір тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Жақып Ақбаев секілді елінің біртуар нар жігіттері ел ауыртпалығын мойындарымен алып, патшаның әміршіл әрі отаршыл саясатына, бір сөзбен айтқанда озбырлық атаулығы қарсы тұрып, оны әмірлерге ұмтылғандығы тағы бар.

        

Алашорда үкіметі жайында сөз қозғағанда біраз жайсыз жайлар да айтылатындығы қыңжылтады.

         Халық арасында Алаштықтарды біреуге, өзге елдердің тұлғаларына, тарихтағы азаматтар мен күрескерлерге еліктеушілер деп не атап жатады.

Мен бүгінгі жүйенің, егемен елдің ұрпағы ретінде Алашорданын кездейсоқ немесе өзгелерге еліктеуіш туған деген тұжырымдамасымен толық келіспеймін. Алашорда заңды түрде, халық санасының эволюциялық даму үрдісінде, ғасырлар тағысында пайда болған. Ұлт түйсігінің  белгілі бір мезетте пісіп жетілгендігі баршаға аян. Алашорда сол пісумен жетілудің берген жемісі іспетті еді.

         Алашорда өзінің жұмыстары һәм әрекеттерін Ресейлік біртұтас шеңбер негізінде жасалғаны екені белгілі еді.

         Олардың пікірінше өз халқына өздері адал қызмет ете білді және сол үшін де риза еді. Алайда бұл артынан арнаған Кеңес үкіметіне мүлдем ұнамады.

         Алашордалықтарды демеудің орнына, басында тек алдамсыратынсып қана рақымшылық жасап, артынан арыстай азаматтардың біразын тіптен көпшілігін делік амалын тауып арғы дүниеге аттандырып жіберді.

         Дәл сол тұстағы үкімет білімді, оқу бітірген қазақтарды бірлікке, дәлірек айтар болсан Мемлекеттік Дума төріне жібермейді. Амалын тауып университет бітіргендерді ығыстыруға тырысты.

         Алайда уақыты бар жараны тек өзі ғана емдейді емес пе? Қараңғыда жатқан халық әйтеуір бір мезетте оянары анық еді.

         Халық санасында, бір топ қазақ қайраткерлердің санасында Ақпан революциясынан біраз уақыттар бұрын насихаттаған автономия құру идеясы белең алған еді.

 

 

        Сонымен қатар Алашорда қайраткерлерінің Қазан революциясына дейін-ақ әзірлеген жоғарыда әңгімеге түрткі болған қағидаларын олардың қазақ халқының еркі мен тілегін білдіргендіктен, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталғандықтан, саяси жағынан ұстамды, көршілес орыс халқымен бірлікте болуға ұмытпағандығын байқаймыз.Меніңше, елдің қайраткерлерінен ел ұлтшылдыкты немесе россизмді көру мүмкін емес.

         Ал жалпы алғанда қазақ автономиясы идеясын большевиктер ойлап тапқан емес. Бұл проблема салыстыру тұрғысында бұған дейін жөнді қаралмағандықтан сәл де болса аялдап отейін, егер автономия идеясы шілдедегі сьезде жалпылама сипатта ұсынылған болса, мұның негізі бар еді. Қазақ халқының дербес автономиясын құру туралы ой 1905-1907 жылдардағы революциялардан кейін туған еді. Ал ол идеяны Жақып Ақбаев пен оның айналасындағы серіктері насихаттан келген болса да, үкімет негізі жайт жан-жақты негізделмеген болатын. Патша үкіметі өзінің отарлау саясатын жүргізіп отырған шеттегі халықтарды автономияландыруда селқостық танытып, тек өзін тұншықтырумен өтті. Тек патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана, 1917 жылдың маусымында Ресей кеңестерінің 1 съезінде Ресей халықтарының өзін-өзі еркін билеу құқығын жариялаған болатын. Бұл орайда Кеңестер съезі әрбір халықты екіге болды. Олар езілгендер мен езілмегендер еді. Ол Ресейдің әр халқының өзін-өзі билеу құқығынын бар екендігің айтты. Бұл съездің шілде айындағы Бүкіл қазақтың съезге әсер еткені күмәнсіз. Автономия туралы мәселеге Алаш партиясы аса назар аударып отырды, мұны 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы жалпықазақтың съезінің материалдан дәлелдейді. Жоғарыдағы Алаштың желтоқсанында яғни Алаштықтар съезінде өте қызу және мұқият талқыланған болатын. 

         Алашорданың құрылғанымен оның ғұмыры қысқа болғандығы бәрімізге де аян. Ал оның жобаларының басым бөлігі кейіннен Кеңес үкіметі тұсында орындалған еді. Алашорда туралы сөз қозғаған тұста Ақаңды сөзге түрткі етпеу мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынұлы езілгендер үшін емес, күлкі қазақ үшін саяси ұстамды көздеген. Бұл оның саяси көзқарас мен мәлімдемелерінің мәні болатын.

         Ал әлеуметтік тұрғыдан алғанда Алашорда автономиясы мен Кеңестік автономия идеяларының түбірінен алшақ болатын, Кеңестік автономия негізінен таптық қағида алғандықтан, оның әлеуметтік базасының неғұрлым тар болып қана коймай, сонымен қатар ол еңбекшілердің жауларын қарсы жазалауға бағытталған еді. Ал Алаштықтар болса еш бөлініс тудырмастан жалпы халыққа сүйенді.

         Алашорда бағдарламасының өзін-өзі басқару құқығы туралы қағидаларын сынаушылар оны ұнамсыз тұрғыдан көрсету үшін тарихи шындықты бұрмалағандық байқалынады. Бұл мәселеде Алашорда бағдарламасы кейіннен Кеңес мемлекеті мойындаған құжаттардан көрініс табады. Ал зерттеушілер яғни Алаш сыншылары болса дәл осы құжаттарды негізге алып отырғанды.

 

 

       Алаш автономиясы идея жағынан тар ұлттық мағына емес, қайта интернационалдық, жалпы әлеуметтік, демографиянық мағынада болған. Алаш автономиясын сынаушылар Кеңестік кезеңде оған ешбір негізсіз ұлтшылдық айдар тағып, оны құр бос  қаралып, даттап келді. Ал енді егемендігіміздің арқасында небір тарихи шындықтарды қайтарудың күні туып отыр.

         Дербес елдің заңнамалары мен кейбір тұстарынан Алаштықтардың иісі аңқып тұрғаны сөзсіз.

         Қорыта айтқанда Алаштықтар мен Алаш үкіметі бүгінгі әз Тәуелсіздіктің негізі еді. Желтоқсншылардың  ел тағдыры үшін болған күресінде де, егемен елдің  әр кірпіші мен әр тасында да Алаштықтардың ізі сайрап тұрары хақ.

         «Ел – ел боламын десе, өшпеймін өсемін десе, болашаққа нық қадаммен адымдаймын десе өзінің өткені мен тарихтың  сындарлы жылдарында кеткен оқиғалар мен жайттарды бір сәт те есінен шығармағаны абзал» (Д. Смақов). Уақт өтеді, жерге жаңа дән егіліп, жаңа дән де шығады. Яғни алмасу процесі қандай жағдай болмасын тоқтамайды. Ұрпақтар сабақтастығы жалғаса беретін болады. Ал сол жасыл желкен, жас өркендердің жүрегінен Алашорда бір мезетке де шықпасына, келер ұрпақтың көкейі Алаштықтардың салған ізі сайрап тұрарына нық сенемін. 

 

 



Бөлісу: