Екінші кезеңге өткен блогшылар назарына!

Екінші кезеңге өткен блогшылар назарына!
жеке
блог

Құрметті massaget.kz сайтының блогшыларыМіне, байқаудың бірінші айналымы да өз мәресіне жетті. Өткен тоғыз аптада апталық есеп бойынша дауыс беру арқылы, ережеге сай тоғыз блогшыны үздік деп таныдық. Ал енді байқаудың екінші кезеңіне де келіп жеттік. Замандастарының қатарынан озып шыққан тоғыз блогшы назарына:

Massaget.kz ұйымдастырып отырған блогшылар байқауының екінші кезеңінде апталық айналымда жеңімпаз атанған блогшылар 1 желтоқсан мен 7 желтоқсан аралығында арнайы берілген тақырыпта блог жазуы тиіс. Ал келесі аптада еркін тақырыпта ой тербетуге мүмкіндік беріледі. Байқау жеңімпазы ел тәуелсіздігінің 23 жылдығы мен Massaget.kz сайтының 3 жылдық мерекесі қарсаңында белгілі болады.

Байқаудың ақтық сыны еліміздің тәуелсіздігі қарсаңына тұспа-тұс келіп жатқандықтан және келесі жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, сайысқа түсуші блогшыларымызға «Тәуелсіздік және Қазақ хандығына 550 жыл!» атты тақырыпта блог жазу тапсырылады.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан блогшылар, іске сәт!

Сурет: massaget.kz