Менің болашақ туралы гипотезам

Менің болашақ туралы гипотезам
жеке
блог

       Тақырыпқа қарап, қазір мынау болашақтағы ақылға қонбайтын технологиялар туралы айтады деп ойлап қалған шығарсыз. Бірақ олай емес.

       Блогымды бастамасы бұрын өзімнің 17 жастағы атеист екенімді, Дарвиннің теориясына сенетіндердің бірі екенімді ескерте кетейін. Және төменlе менің сенімім туралы артық сөздер болмайды деп сенем. Себебі, сіз бен біз толерантты емеспіз бе? :)

       Менің ойымша, уақыт өте келе адамдар эволюция нәтижесінде қайтадан маймылға айналады. Мен неге бұлай ойладым? Егер жан-жағымызға мұқият зер салсақ, менің неге бұлай дегенімді түсінесіз.

       Қазіргі кезде адамдар мен маймылдарды ажырататын белгілер бар. Мысалы, ежелгі адамдар еңкейіп жүретін болған (Архантроптар). Кейін эволюциямен тік жүріп үйренді. Ал адамдар қайтадан эволюция нәтижесінде еңкейіп жүрсе ше? Бұлай деуге негіз бар. Қазірде компьютер, ноутбук, смартфон, планшет шыққан соң, адамдар уақытының көп бөлігін отырып өткізеді. Дәл қазір қай қалыпта отырғаныңызға мән беріңізші? :) Және арқамды тіп-тіке ұстап отырмын деңізші? :) Егер осылай жалғаса берсе, ертең болмаса да, бірнеше млн жылдардан кейін бүкірейіп жүретін боламыз. Оның үстіне, планшет, смартфон, ноутбуктерден басқа болашақта адамды орындыққа таңып қоятын қандай технологиялар шығатынын білмейміз...

       Екіншіден, ежелгі адамдардың (петикантроптардың) ауыз жақтары қазіргі адамдарға қарағанда, маймылдарға ұқсас болған. Яғни иектері алға шығыңқы болды. Бірақ бірте-бірте сөйлеуді үйреніп эволюциямен иектері кішірейіп қазіргі біздердің иегіміздей болды. Ал енді біздің иегіміз қайтадан шығыңқы болса ше? Бұған да негіз бар. Егер осылай вертуалды әлемде тілдесуді жалғастырсақ, шын, нағыз әлемде адамдар бір-бірімен сирек тілдесетін болады, 4-5 ғасырда адамдардың иегі шығып кетпесе де, бірнеше миллион жылдан соң, бұл бұлатынына сенемін.

        Маймыл мен адам арасындағы ең маңызды ажыратқыш - АҚЫЛ, САНА! Ал... біздің ой-санамыз нашарлап кетсе ше? :) Қазір калькулятор болмаса, адамның ойлануына 0,1 пайыз болса да көмегін тигізер еді. Технологияның бәрі адамның ойлануына кедергі жасауда... Бір күндері технология біз үшін бәрін жасап, адамдар ойлаудан қалады. СОЛ КЕЗДЕ НЕ БОЛМАҚ?...

Сурет: joyreactor.сс