Біз - Қазақпыз

Біз - Қазақпыз
жеке
блог

Біз- Қазақпыз, туы биік байрақты,

Бұлбұлдары бар әлемді сайратты.

Көк туымыз желбіреген аспанда

Батыры болған Қобыландыдай қайратты.

 

Біз-Қазақпыз, бағындырған Эверестті,

Басына нұр қазақтың себелепті,

Көп жетпейтін мұратқа жеткен қазақ,

Біз-Қазақпыз, көп көрген кереметті.

 

Қазағымның арманы болашағы,

Сол арманға жастарым жол ашады.

Тәуелсіздік Тәңір берген тәтті сый,

Жетпегендер осыған таласады.