Байғұс студенттері общаганың...

Байғұс студенттері общаганың...
жеке
блог

 

Он балаға бір ғана уыс нан бар,
Уыс нанға таласып қуысқандар,
Бір-бірінің көйлегін ұрлап киіп,
Бір бірінің носкиін жуысқандар,
Мейрамдарың бүгінгі құтты болсын,
Асқазаны ас көрмес туысқандар!!!
Басы қатты болғанмен қай ненің де,
Арты тәтті дейтұғын жұғысты ән бар.
Жоқтыққа жасымаған бабаңа ұқсап,
Тайсалмай төзім деген ту ұстаңдар.
Тайдан түсіп тайота мінем деген,
Көкейіңде болсыншы бір ұстам бар.
Және де Ку Чен Пега еліктемей,
Жүріс пен шаштарыңды дұрыстаңдар!!!
***
Арқасында бауырмал ақ сананың
Қылдай бөліп жұмсайтын ақұшаларын,
Мейрамдарың бүгінгі құтты болсын!!!
Байғұс студенттері общаганың...)))