Сені сауатсыз дегендер, нағыз сауатсыздар, Анашым!!!!

Сені сауатсыз дегендер, нағыз сауатсыздар, Анашым!!!!
жеке
блог

...Мен ол кезде кінәлі емес едім.Себебі сәби болатынмын,сенің сәбиің болатынмын.Іңгәлап жылап мазаңды қашыратын едім ғой.Сенің ұйқыңды ұрлап,жылағаннан басқа не істегенім сенің ғана есіңде шығар.Ия,есіңде болуы керек...Сенің мені арқалап жүргендігің...

Анашым,мен сенің төртіншің болатынмын.Сен мені сарыла күтпесең де,мен осы жарық дүниеге шығуды асыға күттім.Бейне бір қызықтан құр қалардай...Анашым,сені азапқа салған да шығармын,сені түсінбеген де болармын,жылы сөздер айтпаған да болуым керек...Себебі,себебі...Өзім де білмеймін...Бір білерім,мен сені кеш түсініп келемін.Сен көрмеген қиындықта шек бар ма?!Қалауың да,мұратың да тек балаларыңды бағып-қағып,адам боп жетілуіне атсалысып,тәрбие беру еді.Сол тәрбиені әлі де беріп келесің...

Он жетіге толғанда сен өзге үйдің табалдырығын аттадың.Сол сәттен бастап болашаққа деген арман-мақсаттарыңның күл талқаны шықты.Себебі өзге үйдің түтінін түтетіп,отымен кіріп,күлімен шықтың.Сол кезден бастап бостандықтың не екенін ұмыттың.Сол сәттен бастап сен көтерер жүкке 100 есе ауыр жүк қосылды.Бірақ сен берілмедің,өмір ағысына қарсы жүздің,әлі де жүзіп келесің...

Он сегізге келгенде ана атандың.Жәй ғана ана емес,АНА болдың.Құшағыңа тұңғыш рет ішіңнен шыққан баланы ұстадың,аймаладың,қуандың,қиналдың да... Тіршілікке тір жанды әкеліп,өмір сыйладың,өйткені сен Әйел Ана атандың!.. Сол күннен бастап сен көтерер жүк еселеніп,міндетің де қиындай түсті.

Екінші,үшінші баланы да өмірге әкелдің.Төртіншісі - осы жазбаны жазып отырған мен едім.Саған серік болуға өмір есігін ашқан болатынмын,бірақ әзірге дейін бұл миссияны орындамай келемін...

...Анашым,сен күйбең тіршілік деп жүріп,қазақтың салт-дәстүрлері деп жүріп,балаларымның өсіп -жетілуі деп жүріп өзіңді шетке ысырып тастаған болатынсың.Мына әлемнен шектеліп,оқуыңды да жалғастыра алмадың.Келіндік міндетің мен аналық махаббат жолында бар ынта -шынтаңмен берілдің.Себебі сен ақкөңіл,адал болатынсың.

Бесінші бал да келді,маған серік болар бұл сәби де қазір бір тұлға.Сенің сүйеуің,менен де жақсын жаның.Алтыншы бала,сен қатты қиналдың.Дәрігерлердің алдын ала айтқан диагнозы да бар.Шүкір,тағы да бауырым болатын болды.

Жетіншіге келгенде,анашым,сен қатты уайымдадың.Бірақ менің есімде,өзіңе "мама,мен енді қалай сабаққа дайындаламын,сен мені балаға қаратқызып қоясың "дегенім бар.Сол сөздерім үшін әлі де өкінемін.

Анашым,мен сенің жағдайыңды 100 пайызға білемін,түсінемін.Бірақ жаныңа медеу,сүйеніш бола алмаймын. Себебі де жоқ емес, кішкентай кезімде сені,яғни,менің туған анамды апам,туыстарым сөгіп,ауыр сөздер айтып жатқаны есімнен кетпейді.Бұл оқиға тағы да қайталанды,сені ақымақ деді,оқымаған сауатсыз деді,тү көрмеген деді.Білесің бе,анашым,осы сөзді айтқанда сол адамдар сенің қанша жылғы еңбегіңді,7 баланы дүниеге әкеліп,жетілдіріп отқаныңды,отбасы қамын ойлап,отқа да,суға да түскендігіңді неге бағаламайды?Неге олар саған ғана айналып келіп тиісе береді.Сенің кінәң мүлдем болмаса да,неге олар шу шығара береді? Себебі сенің адал еңбегің,балаларыңа деген махаббатың олардың зығырдандарын қайнатушы еді....

 (жалғасы бар)