Кездесейік...

Кездесейік...
жеке
блог

ОЙЫМДА СЕН,

Сенің мөлдір көздерің,

Көздеріне түспесінші өзгенің.

Сенің демің

Сенің демің болмаса

Тұншықтырып бара жатыр өз демім.

 

Ойымда сен,

Сенің қара бұрымың,

Жүрегімнің айталмаған сыры мың.

Саған салып сезімімнің құрығын,

Бүтіндедім жүрегімнің сынығын.

 

Ойымда сен,

Сенің айтар сырларың,

Ұмытамын көкейімде мұң барын.

Сезіміңмен, сөздеріңмен мендегі

Жүректің бұл санасын да шырмадың.

 

Ойымда сен,

Сен ғанасың,алтыным,

Сенсіз жолдың,

Алды – қайғы,арты – мұң.

Кездесейік,

Кездесейік, өтінем,

Өткеннен соң ертеңгіден алты күн.