Аптаның үздік блогы анықталды – 6

Аптаның үздік блогы анықталды – 6
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Әдеттегідей осы аптаның жеңімпазы анықталды!

Алтыншы аптанының үздік блогын анықтау оңайға түскен жоқ. Бұл аптада 50-ден астам блог жазылып, өткен аптаға қарағанда нәтиже жақсара түсті. Блогшыларымыз сайттың жаңа үлгісіне енді-енді үйренісіп жатқан секілді. Алғаш жаңа дизайынға көшкен кезде блогтардың саны күрт төмендеп кеткен еді. Бүгінде көрсеткіш жақсарып, сапалық деңгейде де жақсы жазбалар жарық көруде. 

Сонымен, аптаның үздік блогына төмендегі бес блог үміткер атанды:

1. Кожакелди Алданов: "5000 теңге" (Бауыржан Жақсымбет, Мейіржан Әуелхан, Еркебұлан Сатқанбаев)

2. Марғұлан Ақан: "Иесіз хат" (Мейіргүл Оңғарова, Ербол Молдажанов, Жолдас Өрісбаев, Ернар Алмабек, Шерхан Талап, Фариза Әбілова)  

3. Аселхан Торбаева***(Өлең) (Жасұлан Исакаев)

4. жанузак оразбай: "ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ ДОС БОЛА МА?" (Қарлыға Бүйенбай)

5. Nargiza Ibragim: "Мұхит асып білім алу сәнге айналып барады..." (Нұрбол Нұрмаханұлы, Өмірбек Сансызбай)

Ескерте кететін бір жәйт, Марғұлан Ақанның "Бітіріп барамыз ба...?"  атты блогы да көрілім саны, талқыға түсу жағынан жоғарғы нәтиже көрсетті. Алайда салыстырмалы түрде автордың екінші бір жазбасын үміткерлікке таңдап алдық. 

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Байқау қорытындысында Марғұлан Ақанның "Иесіз хат" блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Марғұланды келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.

Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...»  блогы.

Төртінші аптаның үздік блогы – Досхан Жылқыбайдың "Үшінші күз" блогы.

Бесінші аптаның үздік блогы - Абылай Есімбай "Жастай" кеткен жігіт блогы.

Сурет: ohspublishing.com