Мұхит асып білім алу сәнге айналып барады...

Мұхит асып білім алу сәнге айналып барады...
жеке
блог

Еңсесі биік, тұғырлы, талайды тамсандырған, ең бастысы тәуелсіз мемлекет атанғалы көп болған жоқ. Қазіргі таңда бейбіт, дамыған бәсекеге қабілетті қоғамда еш уайымсыз тіршілік кешудеміз. Егемендігімізді алып, асқақ  армандар айдынына, кербездене қадам басып келеміз. Еліміз күннен күнге дамып, сағат сайын әр қырынан танылуда. Әрине, бұл үлкен жетістік. Осынау игі істердің атқарушысы да, демеушісі де  жастар екендігін  әсте естен шығармағанымыз абзал. Елбасымыз айтқандай «Білімді жас- ел ертеңі», осындай шоқты сөздердің астарында талай мән мағына жатқандығы хақ. Еліміздің ертеңі - жалынды, өр  рухты, ең бастысы білімді жастар екені шындық. Мына, тек қана жастардан сапалы білімді ғана қажет ететін салмақты қоғамда, дәл осы мәселе ең күрмеулі  тақырыпқа айналып бара жатқандығы кез-келген адамды алаңдатуы тиіс. Өзекті мәселеге айналған білім жағдайы бүгінде тақырып боп, талай жиынның себепшісі болғаны рас. Өкінішке орай, мемлекеттен сапалы әрі  барлық талаптарға сай білім берілгендігімен, көптеген жастар шетелде оқығанды құп көреді. Қазіргі қоғамның қорқынышты мәселелерінің бірі осы. Елімізде білім саласына айтарлықтай көңіл бөлініп, сапалы білім алу үшін бар жағдай жасалғандығымен де, біршама талапкер жастарымыз шетелге қарай ағылуда. Әрине ,бір жағынан өзге мемлекеттерде білім алып,тәжірбие жинақтағанда дұрыс шығар,бірақ әр нәрсенің белгілі бір өлшемі,шегі болады.Жыл сайын туып өскен елін, жақындарын тастап қаншама қазақ жастары мұхит асып,біршама  мемлекеттерге оқу үшін аттанады, жанына жылы тартар   «әй көкем» ,-  деп айтар бір адамы жоқ, туғаны , туысқаны жоқ шетелде білім алады.Неге  әке - шешеден жырақ кетіп, таныс - тамыр  жоқ елге барып білім алуы керек?  Неге өзіміздің талай ғұламаны дайындаған білім шеберханаларымыздан сапалы білім алмасқа? « Өзге елде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол» деп бекер айтпаса керек  дана халқымыз. Әр елдің заңы бар ,белгілі ұстанымдары мен қатал тәртіптері бар. Ертеңгі күні сонда барып , басын бір пәлеге тап болып жатпасына кім кепіл. Ондай жағдайлар жайында біраз дүниелерге қанықпыз. Ол жақта саған ешкім «Қазақстандық» екен, не болмаса «Қазақ» екен деп қарамайды,ешкімнің де жаны ашымайды.Заңға қайшы ,дұрыс емес іс істедіңбе, темір тордан бірақ шығасың . Ақырында кінәлі адам ретінде жауапқа тартыласын.

Дегенмен де, Хакім Абай  айтпақшы, бала анадан тұғанда екі түрлі мінезбен: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам дегенді мақсат етсе, біреуі – білсем,көрсем ,үйренсем деп туады. Әр адам әртүрлі.Егер жүрегінің түкпірінде бір сәулесі бар,санасында түйсігі бар адам болса, онда ол түбінде мақсатына жетпей қоймайды.Білім іздеп шет елге барып, оқуын оқып, қалайда адам болып шығады.Ондайларға қашанда құрметтпен қараймыз,ешбір айыптамай,болашағынан зор үміт күтеміз,ертеңгі күні еліне қызмет ететін тұлға боп қалыптасатынына сенеміз.Ондай білімді жастар қазақ қоғамына қажет. Кешегі зиялы заңғарларымыздың жалғасы ретінде қашанда биікке көтеріп,қастерлейміз.

  Ең сорақысы жоғарыда  айтылғандарға кереғар келетін жастарда жетерлік .Мектепте  сабағын дұрыс  оқымағандығымен қоймай ,әке - шешесін артық  шығынға жегіп, шетелге оқуға аттанады.Не оқуын оқымай,не бір пайдалы іске жарамай, дүниенің бір бөлігінде бос сандалып уақытын өткізеді. Барлық күнделікті жаңалықтар арқылы құлағдар боп жүрген тәртіпсіздіктердің себепшісі де - осылар. Аталмыш   жастар қоғам  қасіреті.Қоғамада ондайларға орын жоқ.Бұл жастардың қуғаны «жақсы ат». «Пәленшенің баласы шет елде оқиды екен,Америкааадаа оқиды екен»,- деген сияқты жақсы атқа қалуды ғана мақсат етеді. Ертеңін ойлап бас қатырмайды. «Мен елім үшін не істедім?»  Әке - шешем: «Ертеңгі күні мақтанышпен бұл менің балам ғой»,- деп айта алатындай бір игі іс істедім бе?,- деп бас қатырмайды. Тіпті өз өзіне есеп те бере алмайды. Жақсы атақ үшін ғана  мұхит асып,білім алады. Бұл сән сияқты... тек қана аты ғана айқалап керемет боп естілгенімен қаншама қара көз қыздарымыз бен соқпалдай жігіттеріміз осы сәннің құрбанына айналып жатқаны қатты қынжылтады.

Әсте, біз дамушы елміз.Елбасымыз айтқандай, бізге жақсы ат пен сәннің қуғыншылары емес,еліне пайдасы тиер, бәсекеге қабілетті жастар керек.Осыны естен шығармайық.Білім қай жерде берілсе де бәрібір,тек санаға бір түйір түйсік берілсе болғаны.Санаң, ақылың болмаса берілген білімнің де көк тиын пайдасы болмайды.Мұхит асып білім алғанды сәнге айналдырмайық, одан еш пайда таппасымыз анық. Сондықтан қазірден бастап осы дертке айналған жаман дүниенің соңынан еріп,аты ғана керемет естілетін бос сандырақтың  сойылына түсіп қалмайық. Ойланайық ағайын..