Ақмола облысында жасотандықтар «Кітап - ең құнды сыйлық» қайырымдылық акциясы өтті

Ақмола облысында жасотандықтар «Кітап - ең құнды сыйлық» қайырымдылық акциясы өтті
жеке
блог

 

«Жастар – Отанға» жобасы шеңберінде «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының бастамасымен «Кітап - ең құнды сыйлық» атты қайырымдылық науқан өтіп, тегін негізде мүгедектер және қарттарға арналған үй-интернаттарының кітапханаларына кітап қорлары табыс етілді. Қуантатыны, белгіленген  аз уақыт ішінде Ақмола облысының көп жастары іс-шараға белсенді түрде ат салысты, қолдарынан келген көмектен аянып қалмады.

Жақында, Щучинск қаласындағы 107 адамнан тұратын қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде Бурабай аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Я.Стерлиговтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Іс-шара кезінде – «Кітап – ең құнды сыйлық» науқаны аясында  жиналған 100-ге жуық кітап мекеме кітапханасына табысталды.

Целиноград ауданы, Малотимофеевка селосында өткен кездесуде жасотандықтар қарттар мен мүгедектерге арналған интернаттарда мерекелік концерт өткізіп, оларға көңіл бөлу аясында жұмыс жасады. «Феникс» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Жанбаев барлық қарттар мен мүгедектерді құттықтап, оларға «Ақмола-Феникс» АҚ атынан сыйлыққа тоңазытқыш және  кітапханаға 20-дан астам кітаптар сыйға тартты.

Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы қарттар үйіне 55 кітап сыйланып, жасотандықтар ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

«Қарттар және мүгедектер үйіндегі кітапханаларда кітап тапшылық ететіні бәрімізге аян. Қарттардың кітап алуға да жағдайлары жоқ екенін білеміз. Бұл жандарға жалғыздықты, ауыртпашылықты сезіндірмеу біздің қолымызда!», - деп «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанара Жүнісова өз кезегінде деген болатын.

Айта кеткен жөн, арнайы комиссия барлық жиналған кітаптар ішінен ең қажетті, яғни романдар, энциклопедия, тарихи оқиғалар жайлы құнды кітаптарды саралап алынды.

«Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің араласуымен 420-дан астам тұрғын тұратын қарттар үйлеріне 500-ден астам кітаптар табысталды.