НАУРЫЗ - КӨКТЕМ

Наурыз – Көктем

Көктем – Ана

Көктем – Қыз

Көктем – Келін

Көктем – Арман

Көктем – Жыр

Көктем – Сенім

Жыл басы етіп Наурызға сенім артқан,

Табиғаттың пейілі неткен керім.

Наурыз арай — елімді нұрландырған,

Наурыз жаңбыр — жерімді суландырған.

Наурыз жылу — булантып сай-саланы,

Наурыз самал — сейілдеп думан құрған.

Наурыз бабам — нәрі мол пейілінің,

Наурыз анам — төккен бар мейірімін.

Наурыз аға — қамқор боп еркелеткен,

Наурыз іні — шегі жоқ сейілінің.

Наурыз ұстаз — түсінбес тілдеспеген,

Наурыз шебер — көмкерген гүлдестемен.

Наурыз көрші — сұрайтын хал-жайыңды,

Наурыз елім — сірә оңбас бірлеспеген.



Бөлісу: