Қиналғанда маған көмек беретін өлеңдер

Мұхтар Шаханов әсіресе мына өлеңі

Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп тұрмыстық тапшылығын
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым
Сен жыладың қадамым сәтсіз болды деп
Бақытсыз болып қалдым деп
Жә,жә жарар
Өткенің оралар ма?
Қарау керек бауырым саған алға 
Басыңдағы бөрік пе,орамалма?
Көтер кәне басыңды қалай мұның 
Мұз боп еріп кеткен бе бар аймағың
Көтер кәне басыңды
Күңінді босқа өткізіп бедің
Тағдырың не деп сыр айтты саған 
Өмірдің барлақ сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған
Кім айтты саған,тұлпарды сүрінбейді деп
Ақ көйлек кірлемейді деп
Қара ешкі,жүген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп
Кім айтты саған жұрттың бәрі мейірбан арайлы деп
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп
Биікті ардақтайды,асылды қорлатпайды деп
Қиналып бекер алаңдадың -ау 
Ойыңды шығар өріске
Өзің-ақ айтшы?
Бұл ғаламдағы жеңілдің бәрі жеңіспе?
Жігітке арман жеткізіп берер
Өз сорын өзі жеңбесе
Өмір барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес ендеше!

                ,..,.,.,.,.,.,.,.,.

Сенбе жұ ртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

       Абай

Кейде Роберт Киосакийдің Бай Әке Кедей Әке деген кітабының аудио нұсқасын тыңдаймын.


Бөлісу: