Миымның достық жайлы жеткен жері

Миымның достық жайлы жеткен жері
жеке
блог

 

 

«Менде болуы мүмкін емес, әттең...»

«Менде де болса...»

«Көңіл қаласа, қол жетеді...»

Адамдар бір-бірін шексіз жақсы көре беретін болса... Ешқандай шексіз. Мен үшін достықтың, дос санаған адамыма деген көзқарастың қандай екенін білсеңіздер ғой! Осыны айтқан бойда, ойланып қаламын... Кемшілік те сонда, менде бәрі басқа...

Достардың бәріне айрықша ықылас табу деген қайдан келген қасиет?!

Студент кезімде ауылға қыдырып бардым. Кешкі мезгілде бала кезімдегі Айбол деген досым алыстан танып, алдымнан шықты. Арада біраз жыл өткенде бала кезде бірге ойнағанымызды ұмытып, сөйлеспей де кеткен де едік. Қайта қауышқанда, сол жылдардың бәрі өшкен жерінен жаңғырғандай болды. 

Асқар менің балалығымның бояуын келтірген дос еді. Мен сонымен футбол ойнадым, сонымен бірге Ойылға талай сүңгідім, қыздарға ғашық болдық... Мен қадірін білмедім... Уақыт та кейде менің ақымақтығыма бағына ма?! Асқар қазір мына дүниеде жоқ.

Маған Нұрланмен дос болу мүмкін еместей көрінген. Өз басына жететін екі «тарихи» досы бар, төрт құбыла түгел дегендей. Бірақ өмір драма болмай қалар еді, егер дос болмай кетсек. Болдық! Мен, негізі, ойлағаныма жететін адаммын. Оның сөздері: «Бақылауда есеп шығарып береді, физиканың есептерін көшіреміз, неміс тілінен жақсы аударады – дос болу керек!» Ал мен қашанда кәдеге асқаныма қуаныштымын...

 Артур, Ернар, бәріміз жазған кассеталар қайда екен?? Нұреке, баяғыда өзеннің жағасында ұзақ ойға берілгенің қазір есіңде ме? Жарайды, өлер күніміз жақындағанда, сырласармыз...

Мәлік пен Алпысбай... Бұрынғы жыртықтарды екеуіңмен жамаған шығармын. Алдарыңа барып, бәрін ақтара аламын, күнәдан тазара аламын. "Мен келдім" деп, бүкіл шаруаларыңды ұмыттыра аламын. Құдайға сол үшін шүкір.