Темекі бар ма?

Темекі бар ма?
жеке
блог

   Көше жігіттерін естігенде, көргенде қорқынышпен қараймыз. Ол жігіттер туралы теріс сөздер естігеннен, санамызда теріс ұғым, ой қалыптасқан. Бірақ, «бес саусақ бірдей емес», бәрі бірдей жаман емес екен. Олардың күнделікті жиналатын жері бір. Оны «питак» деп атап кеткен. 

көше жігіттері

     Олардың өзіндік заңы бар екен. Өздерінің тұратын жерінен бөтен жігіт өтсе, «дос, темекі бар ма?» деп бастайды. Екіншісі: «қайдан боласың?» деп, досының сұрағын жалғатырып. Олардың тілі бойынша, «сөзден ұсталып қалмаса тиіспейді». Берген темекісі үшін рақмет айтпайды. «Никотиннің рақметі жоқ екен.» Көшеде шеңбер болып, жиылып тұрған жігіттермен амандасқанда шеңбер ішімен емес, шеңбер сыртымен айналып амандасу керек екен. Сусынды ашқан адам бірінші ішпейді. Өзінен кіші, он сегізге толмаған бала темекі шеккенін көрсе, ұруға құқылы екен. Бір қызығы, қызбен кетіп бара жатқан жігітке тиіспейді екен. Бұл заңды өрескел бұзғаны үшін жазаланады екен))) 

Көше жігіттері

    Олар бір-бірі үшін көп нәрсеге дайын. Өзімен өмірдің ащыт-ұщысын бірге көрген досын «брат», «родной» деп атайды. Ал, өзінен үлкенді «братан» дейді. Бірақ кез-келгенді емес, тұмсықтыға шоқтырмай, өзіне өзіндік заңмен толық таныстырған жігітті атайды екен.

Көше жігіттері

   Бірақ, кейбір әлсіз жігіттер, "көшеге шықсам мықты болып кетемін" деп ойлайды. Бұл қате пікір. Бойында күші тасып тұрған жігіттер, күнделікті  бір жер мен бір әңгімеден зерігіп, санасына жаман ой туып, заңсыз әрекетке баруы мүмкін. "гоп стоп", "разбой"(яғни, үй тонау). "шипач" (автобуста, қалтадан ұялы телефон ұрлайтын адам). Осындай тірлікпен айналысып кетуі әбден мүмкін. Ал, белгілі бір жерді қарау (крышавать ету). Бұны (по черному) жүру деп атайды. Бірақ, бұл істің басы тәтті болғанымен аяғы қатты. "Судың да сұрауы  бар" дегендей бұның да сұрауы бар. "Менің кім екенімді білгің келсе достарымды таны" деген сөз бар. Сондықтан, дұрыс досты таңдағаныңыз абзал...