“Turkvision-2014”

“Turkvision-2014”
жеке
блог

“Turkvision-2014” дарындылар додасы

“Turkvision-2014” әрине осы байқау аты естілсе барша қазақ жұрты елең ете қалатыны анық.Себебі  қазіргі таңда көрермен қолдауын тауып отырған байқаулардың бірі.

Жалпы,бұл халықаралық байқау,аты айтып отырғандай негізі түрік әлемі әншілердің арасындағы ынтымақтасты нығайту мақсатында ұйымдастырылатын шара.Бұл байқауды жәй ғана конкурс немесе шара деп қарауға келмейді.Себебі бұл әлемдік тұрғыда ұйымдастырылатын идеологиялық шара.Дәл осындай игілікті шара біздің елімізде былтырдан бері жалғасын тауып келеді.Былтырғы жылы еліміздің намысын қорғап халықаралық байқауға Түркия елінің Ескішечир қаласына ‘RinGo’тобы барып қайтқан болатын.Жерлестеріміз бұл сында намысты қолдан бермей жартылай финалдан жоғары деңгеймен өтіп,ақтық сынға жолдама алған болатын.300-млн көрермен алдында өнер көрсеткен “RinGo”тобы ақтық сында 9-орынға табан тіреді.                                                          

Былтырғы жылғы Түркия елінде өткен халықаралық байқау биылғы жылы тағы да жалғасын таппақ.Осы биылғы жылы өтетін  халық аралық байқауға  еліміздің намысын биікке көтеретін талантты жастарды анықтау мақсатында алып шахар Алматы қаласындағы “Рахат”қонақ үйінің үлкен залында “Turkvision-2014”байқауы өтті.Жалпы,бұл байқауда 47-үміткер бақ сынады.Үміткерлер ішінде “Арнау”тобының әншісі Нұржан Керменбаев “Қазақ баласы”әнімен, “Орда”тобының әншісі Дастан Оразбеков “Жаныңда болу бір бақыт”әндерін шырқап,көрерменнің  ыстық ықыласына  бөленді.

Жалпы,байқау соңын,яғни,нүктесін Жанар Дугалова қойды.Әділ -қазылар өз пікірлерін айтып,байқау жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман кеш соңын аяқтап әлемдік деңгейде өнер көрсететін жеңімпазды  www.turkvision.kz  сайтында жарияланатынын мәлімдеді.

Жалпы,мен өз ойымды аяқтай келе,болашақта осындай халықаралық деңгейдегі байқаулар біздің елімізде жалғасын тапса екен.Себебі осындай байқаулар елімізге ауадай қажет.Еліміздің мәдениетін дамытуға үлес қосады.Халықаралық байқауларға елімізден қатысушылар саны көбейіп,жеңіс тұғырынан көрінсе екен!