Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Былтырғы бүгін

Былтырғы бүгін

Былтырғы бүгін

Былтыр дәл осы күнді білесіз бе, қай күн екені есіңізде ме? Не істеп едіңіз? Қайда болдыңыз? Көбіңіздің естеріңізде жоқ та шығар... 

Ал, мен білем. Мен осы күннің әр сағатын, тіпті минуттарына дейін жақсы есіме сақтағанмын. Жоқ, "1 жыл өткен соң сұрау үшін әдейі есінде сақтапты" деп ойлап қалмаңыз. Бұл күннің менің есімде мықтап сақталуының өз себебі бар. (Соны айта алмай отырмын ғой). Өйткені...

Айнашөгім менің

Өйткені 1 жыл бұрын дәл осы күні мен Айназ деген қара қызды дүниеге әкеліп екінші рет "ана" болғанмын.

Сәл кейінірек менің қуанышыма Сыр қызының мына жазбасынан кейін Массагеттіктер де ортақтасып қуантқаны бар еді.

Әр баланың өз орны бар, әрине. Бірақ Шынар туылып, ол 1 жасқа толған кездерде мен өте жас болып, ештеңенің қадірін (тіпті баланың да) біле қоймаған болуым керек, бүгін кішкентайым 1-ге толғанда ерекше қуанып, шынымен толқып, біртүрлі боп отырмын. Embarassed

Түнде мазасызданып шығатын баланың әдеті ғой, бүгін Айназ түнде ояна беріп, ұйқысыз шықсам да оған ренжімедім, ұрыспадым да. Қайта оянған сайын сүйе бердім, әлдилей бердім. Алланың маған бере салғанына шүкір. Сансыз шүкір.

БалапандарымӨмірімнің мәнін енді ұғып жүрмін.

Менің еш кемшілігіме, жақсылығыма, ақшама, көркіме қарамай, менен ештеңе сұрамайтын, мені ешкімге айырбастамайтын, тек қана жақсы көретін - нұр қызым. Көзімнің екі қарашығы - балапандарым. Осылар барда - мен бармын. Осылар барда менің дүнием түгел. Осылар барда мен тіпті еңсемді түсіруге құқым жоқ. Балапандарым дені сау, саналы азаматша болып өссе - менің бар байлығым сол. Өмір бойы көз қуанышым болсын деп тілеймін Жаратқаннан.

Жақсы адамдар, сіздерге, барлықтарыңызға ана бақытын, әке бақытын, бала бақытын тілеймін.

 Не ғой, әкелері қыздарының суретін әлеуметтік желіге салғанымды ұната бермейді, "көз тиеді" дейді.Құдай сақтасын. Сонда да менің жаман қыздарыма түкіре салыңыздаршы. Embarassed


7
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 18 қазан 2014, 11:35
Тегтер: бала, ана, қуаныш, бақыт, шүкір, қыз

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.