Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Фариза мен Мұқағали арасында шынайы сезім болған ба?

Фариза мен Мұқағали арасында шынайы сезім болған ба?

Фариза мен Мұқағали арасында шынайы сезім болған ба?

Барша «қазақ» деген халықтың белінен шыққан перзенті Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтай ақындарын керемет біледі. Бұлардың өмірін жақсы білгенмен, олардың қаншалықты таныстығы барын болжалдап, сан түрлі аңыз жасап жүрміз. Ең дұрысы бұл шынайы шындықты өздерінен оқып білгеніміз жөн. Фариза апамыздың эсселері былайша тіл қатады. Мүмкін осыны оқыған соң, сөзіміз ғана емес, ойымыз да түзеліп қалар...

 

Қос ақын қалай танысты? Ең алғаш Фариза апамыз алмалы қаладағы өмірін «Қазақстан пионері» газетіне редактор болудан бастайды. Бұған дейін «Лениншіл жас» газетінің Атыраудағы тілшісі қызметін абыроймен атқарады. Мұқағалимен алғаш таныстығы да ерекше. Ақын-апамыздың кітабының редакциялық талқылауында Сағи ағаның (Жиенбаев) ащы сыны жас қыздың жігерін біраз осқылып өтеді. Талқылауда Фариза жырлары нәзік табиғатты қыз балаға жат қылықты жырлар деп сыналса керек. Ауыр сынға ұшыраған сондағы мына жолдар:

 

«Адам деген бақыттан тұншығады, ә –

Шырын сәтте бойында қан тасыған.

Біздер жаққа қарауға қымсына ма –

Ай жатыр шалқасынан». Міне осы суығы қарыстай сынның өткір тырнағынан арашалап қалған Мақатаев болады.

 

***************************************************

 

 

«Мұқағали ақынның айдалада жүріп жақын тұтқан, бауырына тартқан сезімі мен сенімін сезе тұрып, телефон соғып, не жай-күйін білуге іздеп барған емеспін» - дейді Фариза апамыз. Бұл сөздер жақын тартқан адамының қадіріне жете білмеген өкініштен туындаған жанның сөзі. Расында Фариза апамыздың Мұқағали ақынға келгенде өкінері көп. Тіпті, өлерінде қасында болу тұрсын, жаназасына қатыса алмайды.

 

Сол жылы (Мұқағали өмірден өтер жыл) Фаризаны Бакуде өтетін оқушылардың «Балалар кітабының апталығына» Қазақстан Жазушылар одағының бірінші секретары Әнуар Әлімжанов жібереді. Жолға шығарынан бір күн бұрын редакцияға қалыңдалған көлемді хат келеді. Бұл – Мұқағалидың Фаризаға арнаған «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз!»-деп бастау алған сан түрлі аңызға арқау болған жыр шумақтары еді.

 

Бакуде жүріп үйінен Мұқағалидің өмірден өткенін естиді. Қас қылғандай Алматыға ұшуға билет те қалмайды. «Сөйтіп, ұлы ақынның соңғы дидарын көре алмай, соңғы сапарына аттандырып сала алмай, сандалақтап Алматыға оралдым» - деп сабақтайды өзегін өртеген өкініш жібін.

Мұқағали ақын мен Фариза ақынның арасындағы шындық тарихы осы!

 

 

 

15
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 18 наурыз 2012, 17:18
Тегтер: Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова
Пікірлер
+0
18 наурыз 2012, 19:31

Нурик Baismakov анайы, мәдениетке қайшы пікірлері үшін банға қойылды.

+0
18 наурыз 2012, 21:52

"Фариза, Фариза-жанды" Мақпал Жүнісованың орындауында сүйсініп тыңдаймын. Жан-мұңын шертетін керемет туындылардың бірі.

+0
18 наурыз 2012, 23:52

Бір журналда оқығанмын осы сұраққа Фариза апамыз: Екеуміздің арамызда ешқандай сезім болған жоқ, мені тіпті Мұқағалидың шығармашылығы қызықтырмайды, мен Төлеген Айбергеновты оқимын көбінесе....-депті.

+0
19 наурыз 2012, 12:03

Екеуінің арасындағы сезім екеуінің жеке ісі және олардың әдеби шығармашылығына қатысы болмауы керек деп ойлайтын пенде табылса ед, бетінен сүйіп алатын, уақақа

+0
19 наурыз 2012, 14:50

Маған да өлең қатты ұнайды)))Осы Мұқағалиды қателеспесем,Бақыт Әшімовамен де қосып еді ғой..Екі сұрақ қойса біреуі,"араларыңызда бірдеме болды ма?" дегенге сайып келеді.Сонда әңгіменің соңында Бақыт апайымыз;Ештеме болмады,«Келші қалқам, шашыңнан бір иіскейін,
Бір иіскейін, бірақ та тиіспейін… »-деген өлеңімен ойын түйіндеді...Түсінген жұрт түсінер,ел аузына қақпақ бола алмаспыз..Ондай ірі тұлғалардың музалары болғаны анық қой..Сол өлең де сол кісіге арналды-ау деймін))

+0
19 наурыз 2012, 16:33

Өлеңге арқау болған жан тек сүйіспеншілікті ғана тудырады деу қате пікір екенін білгендеріңізді қалап едім расында. Не болса да, екеуі шексіз талантты ақын ғой. Таңданбай оқуың мүмкін емес шығармашылығын.

+0
19 наурыз 2012, 17:20

Өтірік болмаған!

+0
19 наурыз 2012, 18:10

бұл сұраққа жауап беру үшін әріптес құрбыларымның бірін еске тусірем де... Жоқ! ешқандай сезім болған жоқ, болуы мүмкін емес деймін.

+0
20 наурыз 2012, 00:41

Неге? ОЛ құрбыңыз не айтып еді?

+0
20 наурыз 2012, 03:29

ол қашанда менің қасымда, бірақ оған қарап, арамызда сезім бар деуге болмайды ғой дейм да

+0
20 наурыз 2012, 03:35

Иә, келісем сізбен! Менің де сондай досым бар! Бірақ қыз бен жігіт арасында достық болмайды деп жатады. Менімше болатын секілді

+0
23 наурыз 2012, 09:27

Болмаған деседі :?

+0
08 желтоқсан 2012, 23:13

болсада болмасада бул сезимди сездиргиси келмеген екен бизде кузай бермейик...

+0
24 қаңтар 2014, 02:31

көп нәрсе айтылмайды-ау, іште қап қояды. Мұқағалиды тірілтіп әкеп сөйлетсе ғой. Оның өкініші, Фаризаныкінен де көөөөп және шынайы шығар...

+0
14 қараша 2017, 01:50

менің ойым Фариза апамыз ғашық болған секілді Мұқағали ағамыздың отбасы болғансоң ,баянсыз махаббатпен кеткен шамасы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.