Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / XXI ғасырдағы ҚАЗҰУ - дың ертегісі (Жюрилермен сұхбат)

XXI ғасырдағы ҚАЗҰУ - дың ертегісі (Жюрилермен сұхбат)

XXI ғасырдағы ҚАЗҰУ - дың ертегісі (Жюрилермен сұхбат)

 

Қайырлы күн қазақ елі!!!Өткен постымда сіздерге ҚазҰУ – дың «ертегісі» жайлы толығырақ ақпаратты «келесі жазбамда беремін» деп уәде еткен едім. Ендеше, сөзімде тұрайын, қабыл алыңыздар – мини фоторепортаж! 

Екінші кастинг сенбі күні сағат 13:00 — де басталып кеткен еді. Ал мен сағат 14:38 — де ҚазҰУ — дың экономика факультетіндегі «Сұңқар» кәсіподағының «штаб — пәтеріне» бардым (кастинг өтетін жер). Ұйымдастырушылар қызу жұмыс үстінде… Дебютанттыққа үміткер жігіттер мен қыздардың біреулері жюрилердің сұрақтарына жауап беріп жатқан еді. Ал біреулері анкета толтырып отыр екен.

Мен біраз кідіріп, жан – жағыма қарап тұрған едім, ұйымдастырушылардың бірі: «Сәлметсіз бе, келіңіз!» деп маған жымия қарады. Мен өзімді таныстырғаным сол еді, Баян есімді ұйымдастырушы қыз бірденен танып, төрлетуімді сұрады. Мен өзімді нағыз журналистей сезініп, шабыттана кеттім. Сөмкемдегі фотокамерамды, диктафонды және қойын дәптерімді шығарып, жұмысыма кірістім.

Толық және шынайы ақпартты алу үшін, ұйымдастырушылардың өздерімен әңгімелестім… Ең бірінші болып сұрақтарға жауап берген — Сандуғаш Қартаева.

(сол жақ шетіндегі – Сандуғаш Қартаева)

Жанның Саясы: — «Қайырлы күн Сандуғаш! Бірденен нақты сұрақтарға көшсек, себебі жалпы ақпарат жайлы оқырмандар көп нәрсені біледі деп ойлаймыз. Бізді қызықтыратыны басқа да мәселелер… Бұл бал кімнің идеясы?»

Сандуғаш: — «Бұл балдың бастауын айтатын болсақ, ұйымдастырушы ұйымды атап өткен жөн, ол — «Магистранттар мен докторанттар Ассоциациясы». ҚаҰУ – дың қазіргі «Жастар Ұйымдарының Комитеті» бастығы — Манарбекұлы Данияр магистрант кезінде, осы жайында ректорға ұсыныс жасаған болатын. Біздің үниверситеттің магистранттары мен докторанттарын қоғамдық жұмысқа арластыру үшін, олар шет жақта қалып қалмас үшін осындай қызықты ұйым болса деп. Бұл балдың ұйымдастыру себебі, әрбір шетелдік оқу орындардың өзідерінің белгілі бір дәстүрлері бар. Олар сол дәстүрлерімен ерекшелене білген. Осындай бір дәстүр қалыптассын деп, дәстүр болғанда элитаны жинайтын үлкен бір мәдени іш – шара қазақи форматта өтсе екен дейміз».
Жанның Саясы: -«Нақты нені қазақиландырмақшысыздар?» дедім.

Сандуғаш: — «Жалпы бұл бал классикалық үлгіде өтетін болады. Яғни, бұрынғы орта ғасырдағы әндер де болады. Оркестр Абайдың әндерін орындайды. Сондай – ақ, жалпы қазақша әндер де орындалатын болады» деп жымиды.

Жанның Саясы: — «Сіздердің жарнамаларыңызды зерттеп отырсам, афишалардың барлығы орыс тілінде...»

Сандуғаш: — «Мұны сын деп қабылдауға да болатын шығар. Айтып тұрғаныңыз дұрыс – ақ, ең бірінші ақпарат мемлекеттік тілде тарау керек. Мен өз басым әлуметтік желілерде ақпаратты тек қазақ тілінде жариялап отырамын».

Жанның Саясы: — «Кеш қай тілде өтеді?» деп менде іліп әкеттім.

Сандуғаш: — «Кеш екі тілде өтеді. Кештің жүргізушісі — Тахир Сұлтан. Ол екі тілді жүргізуші».

Жанның Саясы: — «Неге балдың аты «Қызғалдақ Балы», неге мысалы, «Түймедақтар Балы» деп атамадыңыздар»? деп мен Сандуғаш ханымды біраз сергітіп алайын дедім, сонда ханым саспай былай жауап қатты…

Сандуғаш: — «Қызғалдақ гүлін көктемнің символы десек де болады. Негізі бұл балды біз «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күніне арнадық. Өкінішке қарай, нақты сол күннің датасына келмей отыр. Алайда, махаббат үшін белгілі бір күннің қажеті жоқ деп ойламын. Қазақи махаббатты тойланатын күн болса деймін. Көктем, гүл, махаббаттың әдемі бір бейнесі».

«Ақыры сұрап бастадым бәрін біліп алайын деген оймен: «Қанша билет сатылды?» деп сұрадым.

Сандуғаш: — «Ол жайында айта алмаймын» деп күлді. «Алайда, ең бірінші билет 3 күн бұрын өтті» деп сөзін жалғастырды.

Жанның Саясы: — Менің оқырмандарымның бірі Амантай қажы мынандай сұрақ қойған еді – «Мен балға келсем болады ма? Маған скидка бола ма?»

Сандуғаш: — «ҚазҰУ студенттерінің достарына балға қатысуға болады. Бірақ шарттары бар, 40 орын және билет құны оларға үшін 8000 тг. Амантай аға да келе алады, бірақ жеңілдік қарастырылмаған» деп жымиды.

Сұрақтарға келесі болып жауап беретін — Дария Кансеитова…

Жанның Саясы: — «Сіздер Eventika компаниясына еліктейсіздер ме? Себебі, олар да ақпан айында бал өткізбек, форматыда дәл сіздердікіндей».

Дария: — «Идеясына әрине еліктейміз. Бірақ бұл бал бүкіл әлемде өткізіледі. Киевте де, Мәскеуде де, Еуропа елдерінде де. Сондықтан, біз тек Eventika компаниясына емес, әлемдік мәдени іс -шараларға еліктейміз десем де болады. Екінші жағынан ол компаниядан айырмашылығымызды айтып өткен жөн. Eventika — ның балына тек саяси немесе экономикалық элита ғана қатыса алады. Билеті қымбат. Ол жерге ірі компаниялардың басшылары, қаражатты адамдар ғана қатыса алады. Ал қарапайым халықтан, тек дебютанттар. 30 адамның 1 — і ғана өте алатын дебютанттар. Ал біз жалпы төменірек деңгейдегі, қарапайым студенттер қатыса алатын бал ұйымдастырып отырмыз».

Жанның Саясы: — «Ақша жайында айттыңыз, ҚазҰУ қаражат бөлді ме?»

Дария: — «ҚазҰУ қаражат жағынан емес, ұйымдастыру жағынан барынша барлық ресурстарын беріп отыр, ол үшін алғысымызды білдіреміз! ҚазҰУ — дың ресурстары үлкен ғой, типография болсын, аппаратура, кастинг өткізуге және т.б. толық жатқан жұмыстарға көмектесіп жатыр. Айта кетерлік, студенттік ұйымдардың көмегі зор».

 

(Белсенді студенттер)

Жанның Саясы: — «Жиналған қаражатты не істемексіздер?»

Дария: — «Бұл қайырымдылық балы емес, бұл ҚазҰУ — дың ұйымдастырып отырған алғашқы студенттік балы. Шынын айтсақ, қазір бюджет нөл — нөл. Жиналған қаражат ұйымдастыруды ғана жабады. Ойындарда ойнатылатын приздерге, кешті түсіретін фотографтар мен операторларға, фуршетке жұмсалады.

Жанның Саясы: — «Тахир Сұлтанды арнайы шақырдыңыздар ма?»

Дария: — «Тахир Сұлтан еріктілердің бірі. Ол ең басынан бізге көмектесемін деді. Ұйымдастуға да белсене атсалып жүргендердің бірі. Ал Нұржан Әлімбаевті ең басында жүргізуші болса дедік, бірақ ол кісінің қолы бос емес екен. Ол да еріктілердің бірі. Ағамыз кеште ән айтады. Шынын айту керек, бұл балда көбіне энтузиасттар. «Тегін ән айтып берейік» дейтіндер табыла қоймас деп ойлайтынмын, алайда ондай кең пейілді адамдар көп екен» деп, Дария ханым жымиды.

Жанның Саясы: — «Оқырмандарға, балға келушілерге тілек білдірсеңіз...»

Дария: — «Барлықтарыңызды балға шақырамын! Бұл бірінші бал, сондықтан оның қалай өтетінін болжай алмаймыз, дегенмен сіздердің көңілдеріңізді қалдырмауға тырысамыз!!!» деді.

Осылайша, Дария ханыммен сөйлесіп отырғанымызда, би жаттықтырушысы — Алмас Бекболат келіп қалды. Ол консерватория студенті, ұйымдастырушы және дебютанттардың жаттықтырушысы екен.

Жанның Саясы: — «Мүлдем билей алмайтын дебютанттар не істейді?»

Алмас: — «Ол мәселе емес, кез – келген адамды биге үйретуге болады. Себебі, әлі алда бір ай уақыт бар. Сондықтан, бәріне үлгереміз».

Жанның Саясы: «Ұйымдастыру шаралары қалай өтуде?»

Алмас: — «Әр адам өз жұмысын істеп жатыр, сол себепті барлығы тыныш, әрі қызықты өтуде. Себебі, топ ұйымшыл!»

(Ұйымдастырушылар тобы)

(Жюрилер қызу жұмыс үстінде)

P.S. Міне, бүгінге осымен болды! Келесі ретте дебютанттардың репетициясы қалай өтеді екен, соны көріп қайтамын. Сонда, міндетті түрде жазамын! 

 

1629 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 18 наурыз 2012, 12:24
Тегтер: ҚазҰУ, Бал, студенттер, ұйымдастырушылар
Пікірлер
+0
18 наурыз 2012, 13:07

Оооох, неткен сауатты жазба:) Бірақ мини фоторепіңіздің суреттері көрінбей тұрғанын айта кетсем:)

+0
18 наурыз 2012, 13:14

Ой, Рахмет! Қазір түзеледі, бірер минут шыдасаңыз!!!!

+0
18 наурыз 2012, 13:44

Қыдааай сол:) Сіз үшін өмір бақи шыдасам да өкінбейм ғо, қалқам:)))

+0
18 наурыз 2012, 20:57

Рахмет, еріксіз жымиып, ұялып қалдым ғой)))

+0
06 сәуір 2012, 17:49

бірденен деген сөзді бірден деп өзгерткенің дұрыс! Қате кеткен секілді!

+0
18 наурыз 2012, 13:19

Неге АГУ-дің студентерін шақырып, жалпы Алматы қаласындағы ЖОО арасында сайыс қылып жасағаны жөн еді. Бір марқайып сол бір балаң студенттік күннің шуағына тағы бір сәт шомылар едік. КазГУ-ге АГУ-ден жолдау.

+0
18 наурыз 2012, 13:22

Бұл пікіріңізді міндетті түрде ұйымдастырушыларға жеткіземін! Көреміз, не дер екен)))

+0
18 наурыз 2012, 22:25

Сәтті өтсін деп тілеймін! Өмір энтузиастармен қызықты ))

+0
18 наурыз 2012, 22:27

Рахмет! Айтқаның кесін! Тек қызықты емес, сәнді, әрі мәнді деп оларды қуантып қояйық)))

+0
19 наурыз 2012, 11:11

ҚазҰУ студенттер Сенаты балға белсене қатысады!!!

+0
20 наурыз 2012, 09:32

Ендеше, сәттілік!!!

+0
19 наурыз 2012, 16:27

Блогтарыңыз жақсы жазылған, Жансая!!! Өзіңіз Массагеттен жақсы бір басылым ашып алған көрінесіз)) Оқырмандарыңыз да көп екен!!! Бізге де жұғысты болсын!!!

+0
20 наурыз 2012, 09:32

Рахмет! Иә, солай десем де болады))) Сізге де соны тілеймін))

+0
20 наурыз 2012, 09:32

Құрметті оқырмандар! Жазбамда грамматикалық қателер кетіпті! Сіздерден кешірім сұраймын, түзетіп қойдым! Асығыстықпен жазылып, бүгін тексерілді! Түсіністікпен қарасаңыздар!!!

+0
22 наурыз 2012, 23:06

Сәлем. Жалпы ҚазҰу жастарын мен әр кезде биік қоямын... Мұндай дәрежеде ұйымдастыру әр ұжымның қолынан келе бермейді деген ойдамын. Жанымның саясы рахмет...

+0
23 наурыз 2012, 15:21

Оқасы жоқ, Рауанчик! Иә, менде келісемін сенімен :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев