Аптаның үздік блогы анықталды – 2

Аптаның үздік блогы анықталды – 2
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты блогшыларға арналған байқау жариялаған болатын. Байқаудың ережесіне сай осы аптаның үздік блогы анықталды!

Бұл аптада жетпістен астам блог жазылып, өткен аптадағы көрсеткіш жаңарды. Жазылған блогтардың бәрі де байқауға қатыстырылды. Байқау ережесінде жеңімпаз блог пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады деп жазылған болатын.

Аптаның үздік блогына төмендегі төрт блог үміткер атанды:

1. Айшок Балтахаева – «Бұзық қыз»

2. Әйгерім Бегімбет – «Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз»

3. Мақпал Сембай (Мамытбай) – «Мен – Бауырсақпын»

4. Гүлзат Қостұрғанова – «Beauty жігіттер»

Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған және көп адам ұнатқан (LIKE) блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.

Байқау қорытындысында Әйгерім Бегімбеттің «Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз» блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Әйгерімді келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жаңа жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.

Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.

Massaget.kz ұжымы

Сурет: iblogsclub.blogspot.com