- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жапонияда велосипедке арналып...
Жапонияда велосипедке арналып тұрақ-жай ашылды
Халық тығыз орналасқан Токио қаласында велосипедке тұрақ-жай табыла бермейді. Табанды тапқырлықтың арқасында жапондар осы бір проблеманың алдын алып отыр екен. Велосипедтерге арналған экологиялық тұрақ-жай (парковка) қала көшелері астында 11 метр тереңдікте шоғырланып, жүз мың велосипедке орын табылмақ.
Жапония көлік өндірісінде көшбасшылар қатарына қосылады және аталған елдің қоғамдық транспортық жол жүру жүйесі үздік жабдықталған. Осы тұста бұл күннің ең танымал жүріп тұру көлігі қатарына, әсіресе, кептеліс уақытында, велосипедті жатқызуға болар.
Велосипедке арналған тұрақ-жайға аз орын берілгендіктен, жұмысқа кешігіп бара жатқан жапондықтар жол үстінде қалдырып кете барады және онысы жүргіншілерге кедергі келтірмекші.
Giken Seisakusho компаниясы велосипедке арнап бес ірі тұрақ-жайдың тұсауын кесіп отыр. Айналма формалы түрде жасалған тұрақ-жайға көлікті бар-жоғы 8 секундта орналастыруға болады.
Айтпақшы, тұрақ-жай мәселесі ай сайынғы сатылып алынатын абонементпен шешіледі.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: inhabitat.com