Мектеп пен өмірдің айырмашылығы.

Мектеп пен өмірдің айырмашылығы.
жеке
блог

Мектеп бұл - білім мен ғылымның қайнаған ордасы. Қаншама шәкірттер мектептен озық білім алып, білімің халықтың игілігіне жұмсауда. Сол себепті, мектеп - ұлы ұғымдардың бірі де,бірегейі. Мектепті бітірген әрбір адамның, жаңа өмірге қадам басатыны әркімге белгілі. Жаңа өмірге қадам басқан әрбір адам, мектеп пен өмірдің ара-жігін, айырмасын айыра бастайды. Сонда түйетін ойымыз: мектеп пен өмірдің айырмашылығында.

  Мектепте алдымен сабақ болады,кейін он бір жыл оқыған біліміңді сынау үшін сынақ болады. Ал, өмір де ше? Өмірде бірінші сынақ болады, кейін ол саған сабақ болады. Өмір болғасын алдымыздан сан түрлі қиыншылықтар мен қуанышты сәттер болатыны хақ. Әрбір кездескен қиыншылықтарға мойымай, жеңе отырып, сынақтан сүрінбей өту, сол сынақтан сабақ ала білу - бұл заңды нәрсе.

  Адамдар мектептен алған білімің шыңдау үшін, жоғары оқу орнына түсіп, білімің жетілдіреді. Талай белестерді бағындырып, өмірлік тәжірибе жинап,тұлға болу жолында қалыптаса түседі. Сондықтан, мектептен алған біліміңмен, өмірден алған біліміңді ұштастыра білудің өзі де бір ғанибет деп ойлаймын.