Өмір кітабы

Өмір кітабы
жеке
блог

           Әрбір адамның өмірі – бір кітап секілді. Алла сыйға тартқан мұқабасын қалай әдемі сақтасаң, өмірің де сондай әдеміболады. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген. Сол кітаптың қалыңдығы адамның игі жақсы істерімен өлшенсе.

           Мен өз кітабымның кіріспесін ғана жазып бастадым. Бірақ онда  отбасыма, достарыма, жақындарыма арналған тараулар мен бөлімдер бар. Себебі оларсыз өмірімнің мәні де сәні де болмайды. Кітаптың жалғыз қаһарманы болуы – мүмкін емес. Ол тым қызықсыз, зеріктіретін кітап болады. Оқырман да оны бірден жауып тастайды. Міне, сондықтада, менің айтпағым, өмір-кітабын әсерлі де қызықты ету – әр адам баласының өз қолында. Адам – кітаптың авторы.  

         Өмір бір рет қана беріледі. Басқасына бірнеше мүмкіндік болса да, өмір сүруге – бір ғана жол.

         Күнделікті тіршіліктің өзі – алма-кезек. Бірде нұрын шашып, шуағын төгеді, бірде күннің бетін бұлт жауып, жауын ағады. Осындай сәттерде сағыңды сындырмай, жігерлілік танытып, сыннан өте білу керек.

       «Өміріңді төбедегілер қызыға қарап, тағы бір қайталап көрсетші дейтіндей өткізу керек». Расымен де, өмір мәнісін түсініп, оны бағалай білген адамға Алланың нұры мен шапағаты жаумақ!

өмір