УЕФА Еуропа лигасының жеребиі

УЕФА Еуропа лигасының жеребиі
жеке
блог

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының жеребиі өтті. Жеребиді УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфантино мен Бухарест финалының елшісі Миодраг Белодедичи өткізді. Бұл жеребиде чемпиондар лигасының ширек финал жұптарын анықтағандай, кездейсоқ таңдау арқылы өткізілді. Сондықтан бір елдің атынан түскен қос команда да, ширек финалда кездесіп қалуы мүмкін еді. Бұл турнирдің осы жолғы басты ерекшеліктерінің бірі Испания атынан "Атлетик", "Валенсия" және "Атлетико" сынды 3  команда, ал Германия атынан "Ганновер 96" және "Шальке 04" сынды 2 бірдей команданың өнер көрсетуі болды. Бұлармен қатар Португалияның "Спортинг", Голландияның "АЗ Алкмаар" және Украиналық "Металлист" командалары өз ойындарын көрсетеді. Осы командалар ішінен фавориттер болып испанияның 3 командасыда саналып отыр. Ал осыған дейін басты фавориттер саналған ағылшындық Манчестердің қос клубы 1/8 финалда ұшып кеткені мәлім. Сондықтанда бұл жарыстың өте тартысты өтетініне ешкім күмән келтіре қоймас. Сонымен жеребе нәтижесі бойынша:

1-жұп: "АЗ Алкмар" (Нидерланды) — "Валенсия" (Испания).

2-жұп: "Шальке-04" (Германия) — "Атлетик" (Испания).

3-жұп: "Спортинг" (Португалия) — "Металлист" (Украина). 

4-жұп: "Атлетико" (Испания) — "Ганновер-96" (Германия).

Ал жартылай финалда 4-жұп жеңімпазы 1-жұп жеңімпазымен, ал 3-жұп жеңімпазы сәйкесінше 2-жұп жеңімпазымен бақ таласады. Бірінші жартылай финал жеңімпазы, Бухересттегі финалдың атаулы қожайыны болады.

Матчтар кестесі
Ширек финалдар: 29 наурыз және 5 сәуір
Жартылай финалдар: 19 және 26 сәуір
Финал: 9 мамыр, "Национал Арене" Бухарест