Тұғырыма шығу үшін, жетпей қалды ғұмырым.

Тұғырыма шығу үшін, жетпей қалды ғұмырым.
жеке
блог

 Аспан бүгін әдеттегісінен ерекше, таңнан басталған жауын, әлі толастар емес. Ағаштардың да жапырағы сарғайып, солғын тарта бастағаны көрініп-ақ тұр. Жол қаптаған көлікке толы,  ішіне үңіліп қарасаң, жабырқау жанның жанарын байқайсың, әркімнің өз ойлағаны бар. Бірақ, дәл қазіргі сәтте алпыс пайызының ойы, кептелістен ертерек шығып, жан-жары әзірлеген тамаша дәмнен ауыс тиіп, жылы төсекке оранып жату. 
    Осы жанталасқан жандармен бірге, өзінің сүйгенін жұмысынан алып кетуге, Төле би көшесінің бойында Бағылан да тұр. Бүгінгі көңілі де қатулы, Бір аяғымен, тежегіш пен газды кезек басып келе жатқаны болмаса, басқа қимыл жоқ. Қолдарымен сәл ғана мәшиненің рөлін бұрып, қайта қалыпқа келтіріп ұстайды. Кенет есіне бірдеңе түсіп кетті ме, әлде аяулы жарының дауысын естігісі келді ме, әйтеуір телефонын іздеп, қалтасын тінтей жөнелді. Әзер дегенде тауып алып, балаша қуанып,  бір кездері танысқан қызына хабарласты. Қоңырауды аяқтап, телефонды сөндірместен, бір ерекше қуат алып, жаңаша күш алғандай, қимылдарды да ширақтады. Жолдың қос бөлігімен жылдамдықты асыра, арлы-берлі қозғалып жүйіткіп келеді. (Жалғасы алдағы уақытта!)