Жадыра Сахиева: Шілде айынан бастап, кинотуындымызбен Еуропаға сапар шегеміз!

Жадыра Сахиева: Шілде айынан бастап, кинотуындымызбен Еуропаға сапар шегеміз!
жеке
блог

1.jpg

«Запрещенные танцы»  атты алғашқы би туралы кинотуындының бас продюсері – Жадыра Сахиева мен Ерболат Беделхан. Өнер адамдары жаңа киножобада ерекше кино желісін ұсынды. «Запрещенные танцы»  атты киноның премьерасы 10 мамырда отандық кинотеатрларда өтеді.  Бас продюсер Жадыра Сахиеваның  айтуы бойынша,  бұл жобаға жұмсалған қаражаттың нақты көлемі  әлі белгісіз. «Қаражаттың негізгі салмағын біздің компания көтергенімен, толық шығынды, шынын айтсақ, есептеген жоқпыз.  Орташа бағамен айтқанда, 1 миллион АҚШ доллары жұмсалынды. Нақты қаражат сомасы премьерадан кейін белгілі болады»,  - деп Жадыра Сахиева хабарлады.

Ең басты жаңалық ретінде айтарымыз,  бұл киножобаға шетелден қызығушылық танытқандар саны көп. Отандық прокаттардан соншалықты ұсыныс болмаса да, еуропалық кино майталмандары «Запрещенные танцы»  жобасына оң көзқарас білдіріп, келісімшартқа  отырып үлгеріпті. Енді бас продюсер және оның шығармашылық тобы шілде айында Еуропаға сапар шегеді.

Батыс мемлекеттерінен басқа, көршілес  Ресей, Қытай, тіпті түркітілдес  елдер  бұл ерекше киножобаны өздерінің аумағындағы кинотеатр желілерінде көрсету жөнінде ұсыныс жасап үлгерді.

Бұл фильмді шетелдік кинопрокаттарға берер алдында бас продюсер Жадыра Сахиева алдымен қазақ халқының батасын аламын деп отыр.

«Жалпы, бұл фильмнің алғашқы  хронметражы 4 сағатқа созылған болатын. Біз пост-продакшн барысында көптеген сәттерді  үзіп, 1,5 сағатқа дейін қысқарттық», - дейді бас продюсер.

Жан-жақтылығымен өнерсүйер қауымның жүрегіне жол тауып жүрген Жадыра Сахиеваны ел сәнгер,  продюсер ретінде білетін болса, ал енді кинопродюсер болуды да қолға алған ол өзі шығармашылығын өркендетіп жүрген барлық саланы жақсы көретінін  айта кетті.

3.jpg 4.jpg

 

http://1tv.kz/kk/news/culture/16032012/sahieva

http://massaget.kz/blog/1229