Қоғамдық көлік, базар, ұрлық және жылаған адам

Қоғамдық көлік, базар, ұрлық және жылаған адам
жеке
блог

Мұндайдың талайына өзім куә болдым. Басымнан да өтті. Алматыдағы екі адамның бірі дәл осындай жағдайға душар болады. Қоғамдық көлікте кәшөлегін немесе телефонын ұрлатады.

Күз күндерінің бірінде автобусқа міндік. Құлаққап киген қыз да бізбен бірге мінді. Музыка тыңдап тұрғаны белгілі. Әудем уақыттан кейін әлгі қыздың шар еткен дауысы шықты. Сөйтсе, телефоны ұрналыпты. Ұрының әккілігі ме, қыздың аңқаулығы ма оны айыру қиын. Айналадағы адамдар естіп тұрған музыканың тоқтап, құлаққаптың салақтап қалғанын сезбей тұрған қызға налып, кейістік білдіріп жатты. Ал, енді бірде оқу ақшасын төлеуге аттанып бара жатқан группаласымыздың сөмкесін тіліп, ішіндегі бар ақшасын үптеп кеткен.

Алматыда мұндай жағдай көбінде қоғамдық көліктерде, адамы көп базарларда орын алады. Кейде таксиде де қалтафонынан айырылған адамдар сан соғып жатады. Телефонның өзін қойшы, ішіндегі барша таныс-білістің, маңызды адамдардың нөміріне ішің ашиды.

Қалташылардың тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық көліктері болады дейді біллетіндер. «Олар біреу емес, бірнешеу. Егер істеп жатқан жұмысын әшкерелеп қойсаң қастық жасаудан, жарақаттап кетуден тайынбайды» дейді бір танысым.

Қалташылар қоғамдық көлікте бірлесе жұмыс жасайды. Сіздің затыңыз ұрлаған адамның қолында болмайды. Ол «серігіне» береді. «Серігі» кез-келген уақытта назар аудартпай тайып тұрады. Қалташылар адамы көп, сығылысқан автобустарда жиі кездеседі. Нысана белгіленгеннен кейін бірі итеріп, бірі соғып жүріп сізді тақырға отырғызады.

Қалташылардан сақтанудың жолдары мүлде жоқ емес. Өзіңізді сергек ұстаңыз. Сөмкеңізді алдыңызға алыңыз. Артқы қалтаға бағалы заттарыңызды салмаңыз. Бұл тек қоғамдық көлікте ғана емес, базарда, ресторанда, таксиде барлық жағдайда орын алуы мүмкін. Төмендегі бірнеше жағдай соның дәлелі.

Сурет: wechat.com